Аталған турнир 26-28 маусым аралығында өтеді.
2 жылға жуық үзілістен соң Олимпиада ойындарының алтын, күміс және қола медальдарының толық иегері Елдос Сметов қайтадан татамиге шығады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаза кеткен жөн, Парижде өткен 2024 жаһандық додадағы тарихи жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының көшбасшысы халықаралық жарыстарға қатыспай, ұзақ уақыт жарақатынан айыққан еді.
Сметовтың басты мақсаты – Олимпиада ойындарының екінші алтын медалін мойынға тағу. Сол себепті, Қазақстан құрамасының көшбасшысы спорттық мансабын аяқтауға асықпайды. Ол өз салмағы 60 келіге дейінгі дәрежеде бақ сынайды.
Әлбетте, Қазақстан құрамасының басты назардағы спортшысы – Олимпиада чемпионы Елдос Сметов. Десе де, ұлттық құраманың әлеуеті бір ғана жұлдызды спортшымен шектелмейді. Қытайдағы Гран-при турниріне Қазақстаннан 19 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова да бар.
Ерлер:
60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев;
73 келіге дейін: Бақытжан Әбдірахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан;
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;
90 келіге дейін: Айдар Арапов, Даниил Крылов;
100 келіге дейін: Асқар Біржанов, Бақжан Байтас.
Әйелдер:
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова;
57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева;
70 келіге дейін: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова;
78 келіге дейін: Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева;
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова.
Қытайдағы турнирге тәжірибелі Талғат Орынбасар, Абылайхан Жұбаназар, Айдар Арапов, Аида Тойшыбекова және Назгүл Маратова да қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Пара Ефимова и Коровин идет шестой после короткой программы на этапе Гран-при в Китае | 0 | 0 | 08-11-2019 |
| 2 | Павлюченко и Ходыкин идут вторыми после короткой программы на этапе Гран-при в Лас-Вегасе | 0 | 0 | 19-10-2019 |
| 3 | Буян-Херел Санаа отправился на Гран-При Китая по дзюдо | 0 | 5 | 25-06-2026 |
| 4 | Дзюдоист Сангариев выиграл китайский этап престижного Гран-при | 5 | 7 | 28-06-2026 |
| 5 | Белгородские тхэквондисты успешно выступили на международном турнире | 5 | 3 | 27-06-2026 |
| 6 | Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 7 | Кузнецов и Шлейхер стали пятыми в прыжках в воду с трехметрового трамплина на ЧМ | 0 | 0 | 13-07-2019 |
| 8 | Моисеева: китайские прыгуны в воду в Кванджу взяли реванш за неудачи на прошлом ЧМ | 0 | 0 | 20-07-2019 |
| 9 | Храпина: российские шпажистки постараются взять реванш за серебро ЧМ на Олимпиаде | 0 | 0 | 21-07-2019 |
| 10 | Грищук вышел в полуфинал Гран-при FIDE в Риге | 0 | 0 | 17-07-2019 |