Отандық дәрігерлер Ауғанстандағы гуманитарлық медициналық миссия шеңберінде жұмысын жалғастырып жатыр.
Отандық дәрігерлер Ауғанстандағы гуманитарлық медициналық миссия шеңберінде жұмысын жалғастырып жатыр.
Қазақстандық дәрігерлер тобы Ауғанстанда жұмысын жалғастырып, халыққа практикалық медициналық көмек көрсетуде және жергілікті мамандармен өз тәжірибесін бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көпбейінді медициналық миссияның құрамына еліміздің травматология, ортопедия, кардиология, педиатрия, хирургия, урология, пульмонология және эпидемиология салаларындағы жетекші мамандары кірді.
Медициналық топтың жетекшісі болып академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы директорының орынбасары Серік Балғазаров тағайындалды.
Сонымен қатар миссияның құрамында травматолог-ортопед дәрігерлер Руслан Әбілов, Алексей Долгов және Нұрлан Авғанов, гигиенист-эпидемиолог дәрігер Ғазиз Надуев, кардиолог Ерік Отарбаев, педиатр-пульмонолог Абылай Арыстанәлиев, балалар хирургі-эндоскопист Нышанбек Шиланбаев, уролог Рустам Сәлімов және хирург Серік Нұртазин қызметте.
Қазақстандық мамандардың жұмысы Ауғанстандағы медициналық мекемелердің бірінің базасында ұйымдастырылған. Халыққа консультациялық көмек көрсетумен қатар дәрігерлер ауған әріптестерімен бірлескен тексерулер жүргізіп, консилиумдарға қатысады, күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, пациенттерді одан әрі емдеу тактикасын айқындайды.
Тірек-қимыл аппаратының ауыр жарақат салдарлары мен туа біткен деформациялары бар пациенттерге ерекше назар аударылуда. Травматолог-ортопед дәрігерлер күн сайын 40-қа дейін пациентке консультация өткізіп, олардың арасынан хирургиялық емдеуді қажет ететін ең күрделі жағдайларды іріктейді. Қазақстандық мамандар күн сайын 3-4 реконструктивтік-қалпына келтіру операциясын жасап, пациенттердің жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және өмір сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беруде.
Ауғанстандағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде отандық травматолог-ортопедтер ауған тарабына Илизаров аппаратының жиынтықтарын табыстады. Бұл – күрделі сынықтарды емдеуде, аяқ-қол деформацияларын түзетуде және сүйек кемістіктерін алмастыруда кеңінен қолданылатын бірегей жүйе. Аталған жабдықты беру жергілікті мамандардың жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның қосымша үлесі болмақ.
Қазақстандық дәрігерлер Ауғанстан халқына алғаш рет көмек көрсетіп отырмағанын айта кету керек. Өткен жылдың қараша айында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстаннан медициналық топ жіберілген болатын. Сол кезде отандық мамандар он күннің ішінде 44 операция жасап, 100-ден астам пациентке медициналық көмек көрсетті.
А Н Ы Қ Т А М А: Медициналық миссия Қазақстан Республикасының гуманитарлық бастамасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Қазақстан делегациясының құрамымен бірге Ауғанстанға жалпы көлемі 318,8 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тыуған көнөгөҙ менән ихлас ҡотлайбыҙ! 💐🌼🌷🌻🌹🌾🌸🥀 От души поздравляем с ... | 0 | 0 | 21-02-2025 |
| 2 | ABC: Трамп рассматривает возможность отставки главы аппарата Белого дома | 0 | 0 | 13-11-2018 |
| 3 | Агидель: Ночь 20 дек, Чт | 0 | 0 | 19-12-2018 |
| 4 | How do you get the Fortnite Skibidi Toilet Skin? | 0 | 0 | 19-12-2024 |
| 5 | Билибино: Вечер 31 окт, Ср | 0 | 0 | 30-10-2018 |
| 6 | Багаевская: Утро 18 дек, Вт | 0 | 0 | 17-12-2018 |
| 7 | Дмитрий Борисов Стихи Любовь Такая разная То сладость То война ... | 0 | 0 | 21-02-2025 |
| 8 | Спрос на перевозки из Китая и Казахстана в Беларусь вырос в 3 раза | 0 | 0 | 28-01-2025 |
| 9 | Информация об обновлении версии программного обеспечения | 0 | 0 | 06-10-2016 |
| 10 | Келесі жылы «пандемия балалары» мектепке барады | 0 | 5 | 16-06-2026 |