Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Семейде Ұлттық домбыра күніне орай Абайдың домбырасы көрмеге қойылды

Дата публикации: 04-07-2026 14:21:00

Көрмедегі ең құнды жәдігерлердің бірі – музей қорында сақталған Абай Құнанбайұлының домбырасы.


Основное содержимое страницы с новостью.

Көрмедегі ең құнды жәдігерлердің бірі – музей қорында сақталған Абай Құнанбайұлының домбырасы.

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне орай "Қазағымның үнісің сен – домбыра!" атты көрме ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көпшілік назарына 30-ға жуық жәдігер ұсынылды. Олардың қатарында Абайдың домбырасымен бірге, Шәкір Әбенұлы мен Ахат Шәкәрімұлының музыкалық аспаптары да бар.

Қазақ мәдениетінде өзіндік қолтаңба қалдырған тұлғалардың музыкалық аспаптары да көрмеде жинақталды. Келушілер Мәдениет Ешекеевтің, Болат Сыбановтың, Арғынбек Ахметжановтың, Нұридден Иманбаевтың және өзге де өнер иелерінің домбыраларын тамашалай алады.

Экспозицияға Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі мен Қостанай қаласындағы Абай атындағы мектептен музей қорына табысталған музыкалық аспаптар, сондай-ақ Абайдың музыкалық мұрасы мен қазақтың халық аспаптарының тарихына арналған ғылыми еңбектер де қойылды.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Елордада қала күні қарсаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Асыл мұра» концерті өтеді0504-07-2026
2Семейде құтқарушылар мас күйде суға түскен ер адамды құтқарды0504-07-2026
3«Аттракциондағы апат»: Қызылордадағы саябақ тергеу аяқталғанша жабық тұрады-2603-07-2026
4Копейск встретил День России0112-06-2026
5Выставка авторских кукол и живописи открылась в Алматы0708-07-2026
6В Якутске открыли выставку в честь 100-летия со дня рождения госдеятеля Чиряева0004-04-2025
7Сауда құлдырады: қазақстандықтар жаппай ақша үнемдей бастады-2504-07-2026
8В Кургане представят крупнейшее в России собрание народного художника СССР Горяева0007-02-2020
9Вторую за день мемориальную доску Герою Советского Союза открыли в КЧР0007-11-2018
10В КБР отметили День государственности0007-09-2019

Классификация: Культура. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.