Жарысқа жеті команданың құрамындағы 50 балуан қатысып, командалық есепте «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жеңіске жетті.
Жарысқа жеті команданың құрамындағы 50 балуан қатысып, командалық есепте "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы жеңіске жетті.
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының қазақ күресінен чемпионаты өтіп, еліміздің әр өңірінен келген әскери қызметшілер бозкілемде бақ сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дәстүрлі жарыс 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ел қауіпсіздігі жолында қаза тапқан 17 жауынгердің рухына арналды.
Чемпионатқа Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары мен әскери бөлімдерінен жасақталған жеті команданың құрамындағы 50 балуан қатысты. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтап, жоғары деңгейдегі тартысты белдесулер көрсетті.
Жеке есепте 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Ілесбек, 66 келіде Бердібек Үмбетхан, 74 келіде Ұлан Елеусізов, 82 келіде Дархан Қойбағар, 90 келіде Әли Әлімби және 100 келіге дейінгі салмақта Нұрдәурен Тынышқали чемпион атанды.
Командалық есепте "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды 5573 әскери бөлімінің командасы иеленсе, үшінші орын "Батыс" өңірлік қолбасшылығының палуандарына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұлттық ұланда дәстүрлі түрде өткізілетін бұл чемпионат ұлттық спортты насихаттауға, әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығын шыңдауға және ел қорғауда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына құрмет көрсетуге бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 2 | U20 Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі күміс, үш қола түсті | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 3 | Асылым Жақия жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды | 8 | 7 | 25-06-2026 |
| 4 | Қазақстандық балуандар күрес түрлерінен Венгриядағы рейтингтік турнирде бақ сынайды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 5 | "Барыс" третьим на Востоке гарантировал себе участие в плей-офф КХЛ | 0 | 0 | 30-01-2020 |
| 6 | Команда Камиля Герейханова бьётся за титул | 0 | 5 | 22-06-2026 |
| 7 | Қазақстан мен ITTF ASTANA–2027 үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол қойды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 8 | Қазақстан мен Әзербайжан халықаралық серіктестікті кеңейтпек | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 9 | Қазақстандық футболшыларға жол ашқым келеді – Дастан Сәтпаев | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 10 | Цирковой коллектив из Копейска покорил Казань с двумя наградами | 7 | 6 | 08-06-2026 |