Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездескен.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші екінші ойынын Лондондағы орталық кортта әлемдік рейтингіде 50-орындағы америкалық Кэти Макнеллимен өткізді.
Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездескен, есеп – 1:1, тең еді.
Бұл жолы бірінші партияда Елена айқын басымдылық көрсетті – 6:1.
Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін екінші матчболын пайдалана білді – 6:2.
Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Америкалық теннисші 1 эйспен шектелді.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен таласады. Ол екінші айналымда рейтингіде 95-сатыдағы өзбекстандық Мария Тимофееваны жолдан тайдырды – 2:6, 6:3, 6:0.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 2 | Вторая ракетка мира Рыбакина вышла в третий круг Уимблдона | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 3 | Третья ракетка мира Плишкова не смогла выйти в четвертьфинал Уимблдона | 0 | 0 | 08-07-2019 |
| 4 | Елена Рыбакина из Казахстана стала первой финалисткой турнира WTA в Петербурге | 0 | 0 | 15-02-2020 |
| 5 | Российская теннисистка Калинская выиграла турнир ITF в Плейфорде | 0 | 0 | 07-01-2019 |
| 6 | Касаткина не смогла выйти во второй круг Уимблдона | 0 | 0 | 01-07-2019 |
| 7 | Арина Соболенко разгромила Елену Остапенко в двух сетах на Уимблдоне | 8 | 7 | 03-07-2026 |
| 8 | Блинкова проиграла Костюк и не смогла выйти в третий круг Уимблдона | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 9 | Теннисистка Бертенс во второй раз подряд выиграла турнир в Санкт-Петербурге | 0 | 0 | 16-02-2020 |
| 10 | Шарапова одержала первую победу после пятимесячного перерыва в карьере | 0 | 0 | 18-06-2019 |