Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстанда жүк көліктеріне сұраныс артты: импорт 6,5 есеге өскен

Дата публикации: 12-08-2026 12:46:00

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында елге сырттан 54,4 мың жүк көлігі әкелінген.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл жүк көліктері нарығының кеңеюі негізінен шетелден келетін көліктер санының артуына байланысты болды. 5 айда импорт көлемі 54,4 мың бірлікке жетіп, былтырғы көрсеткіштен 6,5 есеге өскен.

Ал отандық өндіріс көлемі керісінше төмендеген. Қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 2,4 мың жүк көлігі шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға аз. Былтыр осы кезеңде 2,8 мың жүк көлігі өндірілген. Осыған байланысты ішкі сұранысты қамтамасыз етудегі қазақстандық өндірушілердің үлесі де айтарлықтай қысқарды. 2026 жылдың алғашқы бес айында олардың үлесі 4,2%-ды құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 24,9% болған.

Осылайша, биыл Қазақстандағы жүк көліктері нарығының өсімі негізінен шетелдік жеткізілімдердің артуы есебінен қалыптасып отыр. Ал отандық өндірістің нарықтағы үлесі айтарлықтай төмендеген.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстан мұнай өндіруді 60 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр020.2513-08-2026
2Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты жеті жылда екі есеге жуық өсті08.6818-08-2026
3Железнодорожный экспорт в Казахстане увеличился на 8,2%0523-06-2026
4Транспорт едет, склады пустеют: парадоксы казахстанской логистики013.513-08-2026
5Oil share in Kazakhstan's exports falls from 52.9% to 46.5% in 1H 2026019.1718-08-2026
6Грузопоток между Казахстаном и Китаем вырос на 9%0816-07-2026
7Железнодорожные перевозки грузов через границу с Казахстаном за 5 месяцев 2026 года выросли на 6%0530-06-2026
8Доля курящих в Казахстане уменьшилась до 15%021.8928-07-2026
9Казахстан допускает достижение товарооборота с РФ в $30 млрд в 2026 году021.8525-07-2026
10Kazakhstan Prioritizes Foreign Retails Chains as Higher-Value Exports Grow09.9804-08-2026

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 23.28. Источник: inbusiness.kz.