Фото: gov.kz Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеу қорытындыланып, «Ұлттық киберқалқан» CTF-турнирінің нәтижесі бойынша грант иегері атанған қатысушылармен салтанатты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Вице-министр Досжан Мұсалиевтің қатысуымен өткен іс-шара бұл жобаға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті: еліміздің барлық өңірінен 1567 өтінім түсіп,
The post «Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.
Фото: gov.kz
Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеу қорытындыланып, «Ұлттық киберқалқан» CTF-турнирінің нәтижесі бойынша грант иегері атанған қатысушылармен салтанатты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Вице-министр Досжан Мұсалиевтің қатысуымен өткен іс-шара бұл жобаға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті: еліміздің барлық өңірінен 1567 өтінім түсіп, оның ішінен 361 қатысушы турнирде бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 100 жеңімпаз тегін оқу грантына ие болды.
Бұл білім беру бастамасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub серіктестігіндегі Tech Orda бағдарламасы аясында және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның Interactive range платформасы негізінде жүзеге асырылуда. Жобаға IT саласында базалық құзыреті бар 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар қабылданды. Енді стипендиаттар алты ай бойы қарқынды онлайн форматта білім алады.
Кездесу барысында вице-министр Досжан Мұсалиев жобаның «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы аясындағы маңызына тоқталып, білікті кадрларды даярлау мемлекеттің цифрлық егемендігінің негізі екенін баса айтты. Оқу бағдарламасы екі негізгі бағытты қамтиды: жүйені тестілеуден өткізуге бағытталған Red Team және оны бақылау мен қорғау дағдыларын дамытатын Blue Team бағыты.
Парақшамызға жазылыңыз
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды | 0 | 11.48 | 26-05-2026 |
| 2 | Kazakhstan to develop 440 AI agents for students | 0 | 10.32 | 18-08-2026 |
| 3 | Астанада «Болашақ ойындары – 2026» өтеді | 0 | 14.22 | 04-06-2026 |
| 4 | 2,600 rural schools in Kazakhstan to adopt AI technologies | 0 | 12.52 | 18-08-2026 |
| 5 | Боз кілемдегі тартыс: Qazaqstan Barysy-2026 атағы кімге бұйырады? | 0 | 11.18 | 14-08-2026 |
| 6 | Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті | 0 | 8.5 | 13-06-2026 |
| 7 | Казахстан готов помогать странам СНГ в подготовке специалистов по работе с ИИ | 0 | 0 | 10-10-2025 |
| 8 | Қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңбаларға қатысты жаңа алаяқтық туралы ескертілді | 0 | 7.74 | 15-08-2026 |
| 9 | Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді | 0 | 20.53 | 15-08-2026 |
| 10 | Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады | 0 | 9.66 | 24-05-2026 |