Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

EPS жүйесі: қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға жұмысқа қалай орналасады

Дата публикации: 21-08-2026 06:09:00

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы Қазақстан азаматтарын Корея Республикасында жұмысқа орналастыру үшін іріктеу тәртібін түсіндірді.

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260821/eps-zhuyesi-qazaqstandyqtar-ontustik-koreyaga-zhumysqa-qalay-ornalasady-65896683.html

EPS жүйесі: қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға жұмысқа қалай орналасады

EPS жүйесі: қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға жұмысқа қалай орналасады

Sputnik Қазақстан

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы Қазақстан... 21.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-21T11:09+0500

2026-08-21T11:09+0500

2026-08-21T11:13+0500

қазақстан

жұмыс берушілер

оңтүстік корея

https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23408854_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_9538f19a3725791b4dfdf79869ec3129.jpg

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы Қазақстан азаматтарын Корея Республикасында жұмысқа орналастыру үшін іріктеу тәртібін түсіндірді.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады. Осы орталықта кандидаттардың корей тілін қаншалықты білетіні EPS-TOPIK тесті арқылы анықталады. Сонымен қатар олардың кәсіби білімі мен дағдылары бағаланады. Корея Республикасына аттанар алдында жұмысшылар үшін міндетті дайындық та ұйымдастырылады. Іріктеу барысында азаматтың білімі, еңбек өтілі және бар кәсіби сертификаттары ескеріледі.Қажетті талаптарға сай келіп, барлық кезеңнен сәтті өткен азаматтар ресми жұмыс іздеушілер тізіміне енгізіледі. Бұл үшін жарамды төлқұжаттың болуы және медициналық тексеруден өтуі міндетті.Жеке мағлұматта білімі, кәсіби тәжірибесі, сертификаттары, тестілеу нәтижелері және қандай жұмысқа орналасқысы келетіні туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы ақпараттың негізінде корейлік жұмыс берушілер белгіленген іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтардың арасынан өздеріне қажетті қызметкерді таңдай алады.Емтиханнан өту Кореяда жұмысқа орналасудв білдірмейдіБұл ретте маңызды нәрсеге назар аудару қажет: емтиханнан өту және ресми кандидаттар тізіміне енгізілу азаматтың Кореяда автоматты түрде жұмысқа орналасатынын білдірмейді. Кандидаттарды түпкілікті таңдау құқығы корейлік жұмыс берушіге тиесілі. Яғни жұмыс беруші тіркелген кандидаттардың арасынан өзіне қажетті қызметкерді өзі таңдайды.EPS жүйесі бойынша Корея Республикасына жұмысқа қабылданатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын Корея тарапы айқындайтын квотаға сәйкес белгіленеді.Корейлік жұмыс берушілер сізді таңдасаЖұмыс беруші кандидатты таңдаған соң еңбек шартын ұсынады. Қол қоюға дейін қызметкерге қандай жұмысты атқаратыны, жұмыс уақыты, еңбек жағдайлары және басқа да маңызды талаптар түсіндіріледі. Екі тарап қол қойғаннан кейін еңбек шартының түпнұсқасы қызметкерге беріледі.Кореяға жұмысқа баратын азамат үшін алдын ала дайындық кезеңі қарастырылған. Ол Алматы қаласындағы EPS орталығында өткізіледі. Дайындық аяқталып, жұмыс визасы рәсімделгеннен кейін азамат Кореядағы жұмыс орнына аттанады.Қанша уақыт жұмыс мерзімі беріледіEPS жүйесі бойынша жұмыс істеу мерзімі үш жылға дейін болуы мүмкін. Заңнамада көзделген жағдайларда бұл мерзімді тағы бір жыл он айға дейін ұзартуға болады. Белгіленген жұмыс мерзімін толық аяқтап, Қазақстанға өз еркімен қайтып келген жұмысшыларға Корея Республикасына кейін қайта бару үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қарастырылған.Еңбек министрлігі Кореяда жұмыс істеуді жоспарлап отырған азаматтарға тек мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың ресми ақпаратын пайдалануды ескертеді. Азаматтар "жұмысқа міндетті түрде орналастырамыз", "іріктеуден жедел өткіземіз" немесе "белгіленген тәртіптен тыс кандидаттар тізіміне енгіземіз" деп уәде беретін жеке делдалдарға құжаттарын немесе ақшасын бермеуі қажет.Бірде-бір жеке делдал азаматқа Кореяда жұмысқа орналасуға кепілдік бере алмайды. Себебі кандидаттарды түпкілікті таңдауды корейлік жұмыс беруші жүзеге асырады.

https://sputnik.kz/20260814/qazaqstandyqtar-koreyada-resmi-turde-zhumys-istey-alady--ministrlik-malimdeme-zhasady-65721008.html

қазақстан

оңтүстік корея

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23408854_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_b1a9816fa0b284522ba9c04e9d15bdc5.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

қазақстан, жұмыс берушілер, оңтүстік корея

қазақстан, жұмыс берушілер, оңтүстік корея

11:09 21.08.2026 (жаңартылды: 11:13 21.08.2026)

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы Қазақстан азаматтарын Корея Республикасында жұмысқа орналастыру үшін іріктеу тәртібін түсіндірді.

Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады. Осы орталықта кандидаттардың корей тілін қаншалықты білетіні EPS-TOPIK тесті арқылы анықталады. Сонымен қатар олардың кәсіби білімі мен дағдылары бағаланады. Корея Республикасына аттанар алдында жұмысшылар үшін міндетті дайындық та ұйымдастырылады. Іріктеу барысында азаматтың білімі, еңбек өтілі және бар кәсіби сертификаттары ескеріледі.

"Кореяға жұмысқа баруға 18-ден 39 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Бұл ретте азаматтың сотталмаған болуы, Корея Республикасынан бұрын күштеп шығарылмағаны және елге кіруге тыйым салынбағаны ескеріледі. Сондай-ақ Қазақстаннан шетелге шығуына ешқандай шектеу болмауы қажет. Кандидаттар белгіленген талаптарға сай балдық жүйе арқылы бағаланады", - деп жазылған хабарламада.

Қажетті талаптарға сай келіп, барлық кезеңнен сәтті өткен азаматтар ресми жұмыс іздеушілер тізіміне енгізіледі. Бұл үшін жарамды төлқұжаттың болуы және медициналық тексеруден өтуі міндетті.

Жеке мағлұматта білімі, кәсіби тәжірибесі, сертификаттары, тестілеу нәтижелері және қандай жұмысқа орналасқысы келетіні туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы ақпараттың негізінде корейлік жұмыс берушілер белгіленген іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтардың арасынан өздеріне қажетті қызметкерді таңдай алады.

Емтиханнан өту Кореяда жұмысқа орналасудв білдірмейді

Бұл ретте маңызды нәрсеге назар аудару қажет: емтиханнан өту және ресми кандидаттар тізіміне енгізілу азаматтың Кореяда автоматты түрде жұмысқа орналасатынын білдірмейді. Кандидаттарды түпкілікті таңдау құқығы корейлік жұмыс берушіге тиесілі. Яғни жұмыс беруші тіркелген кандидаттардың арасынан өзіне қажетті қызметкерді өзі таңдайды.

EPS жүйесі бойынша Корея Республикасына жұмысқа қабылданатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын Корея тарапы айқындайтын квотаға сәйкес белгіленеді.

Корейлік жұмыс берушілер сізді таңдаса

Жұмыс беруші кандидатты таңдаған соң еңбек шартын ұсынады. Қол қоюға дейін қызметкерге қандай жұмысты атқаратыны, жұмыс уақыты, еңбек жағдайлары және басқа да маңызды талаптар түсіндіріледі. Екі тарап қол қойғаннан кейін еңбек шартының түпнұсқасы қызметкерге беріледі.

Кореяға жұмысқа баратын азамат үшін алдын ала дайындық кезеңі қарастырылған. Ол Алматы қаласындағы EPS орталығында өткізіледі. Дайындық аяқталып, жұмыс визасы рәсімделгеннен кейін азамат Кореядағы жұмыс орнына аттанады.

Қанша уақыт жұмыс мерзімі беріледі

EPS жүйесі бойынша жұмыс істеу мерзімі үш жылға дейін болуы мүмкін. Заңнамада көзделген жағдайларда бұл мерзімді тағы бір жыл он айға дейін ұзартуға болады. Белгіленген жұмыс мерзімін толық аяқтап, Қазақстанға өз еркімен қайтып келген жұмысшыларға Корея Республикасына кейін қайта бару үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Еңбек министрлігі Кореяда жұмыс істеуді жоспарлап отырған азаматтарға тек мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың ресми ақпаратын пайдалануды ескертеді. Азаматтар "жұмысқа міндетті түрде орналастырамыз", "іріктеуден жедел өткіземіз" немесе "белгіленген тәртіптен тыс кандидаттар тізіміне енгіземіз" деп уәде беретін жеке делдалдарға құжаттарын немесе ақшасын бермеуі қажет.

Бірде-бір жеке делдал азаматқа Кореяда жұмысқа орналасуға кепілдік бере алмайды. Себебі кандидаттарды түпкілікті таңдауды корейлік жұмыс беруші жүзеге асырады.

Трудовая книжка - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Казахстан вошёл в систему трудоустройства Южной Кореи09.5515-08-2026
2Kazakhstan Added as 18th Employment Permit Country06.6214-08-2026
3Қазақстандықтар Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады – министрлік мәлімдеме жасады09.1814-08-2026
4Казахстан планирует ввести электронные разрешения для въезда06.2105-08-2026
5В Казахстане запущена система электронных разрешений на въезд QazETA01029-07-2026
6Казахстан готовится ввести электронные разрешения на въезд07.2305-08-2026
7Казахстан ведет работу по релокации зарубежных IT-компаний0028-06-2022
8Казахстан и Азербайджан полностью перейдут на электронные разрешения для автоперевозок с 2027 года0729-06-2026
9МИД раскрыл, в какие страны чаще всего заманивают казахстанцев02.5629-07-2026

Классификация: Пресс-релизы. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 7.66. Источник: sputniknews.kz.