Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Украина дрондары алғаш рет Ozon қоймаларына соққы жасады

Дата публикации: 22-08-2026 07:39:52

Сенбіге қараған түні украин дрондары ресейлік ірі сауда алаңы Ozon компаниясының қоймасына соққы жасады. Самара облысы Чапаевск қаласындағы компанияның үлестіру орталығы өртеніп жатқанын қолданушылар жазды.
Компания өкілдері қоймаға шабуыл жасалғанын растады.
"Бүгін Самара облысындағы Ozon логистикалық орталығына дронмен шабуыл жасалды. Шабуылдың салдарынан қоймада өрт болды. Барлық жүйе қалыпты режимде жұмыс істеді, бірнеше минутта 500-ден астам қызметкерді эвакуацияладық. Өкінішке...

Основное содержимое страницы с новостью.

Сенбіге қараған түні украин дрондары ресейлік ірі сауда алаңы Ozon компаниясының қоймасына соққы жасады. Самара облысы Чапаевск қаласындағы компанияның үлестіру орталығы өртеніп жатқанын қолданушылар жазды.

Компания өкілдері қоймаға шабуыл жасалғанын растады.

"Бүгін Самара облысындағы Ozon логистикалық орталығына дронмен шабуыл жасалды. Шабуылдың салдарынан қоймада өрт болды. Барлық жүйе қалыпты режимде жұмыс істеді, бірнеше минутта 500-ден астам қызметкерді эвакуацияладық. Өкінішке қарай, зардап шеккендер бар" деп жазылған хабарламада.

Чапаевскідегі Ozon қоймасы 18 шілдеден бері соққы жасалған 25-нысан атанды.

Куәгерлердің видеосына қарағанда, бұл аумақта сонымен бірге Новокуйбышевск мұнай өңдеу зауытына да шабуыл жасалған, оған да бұрын украин дрондары шабуылдаған.

Ozon мен "өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне" соққы жасалғанын Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищев растады. Ол бірнеше адам зардап шеккенін де айтты.

Бұған қоса, Краснодар өлкесіндегі Ейск портына да соққы жасалғаны хабарланды. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, шабуылдың салдарынан кеме өртенген.

Ресей қорғаныс министрлігі бір түнде 457 украин дроны жойылғанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты растайтын тәуелсіз дереккөз әзірге, табылмады.

Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Киев халқы Ресей шабуылынан қаза тапқандарды аза тұтады08.9921-08-2026
2House Proceedings - Jun 20, 20190020-06-2019
3Агидель: Ночь 20 дек, Чт0019-12-2018
4В Кузнецке прошел городской конкурс «А ну-ка, парни!»0021-02-2025
5☝Мамы, хотите действительно отдохнуть и не думать как накормить любимых, ...5629-06-2026
6Закрывающаяся дверь в будущее. Андрей Фурсов0005-11-2024
7ФОТО. Всероссийские соревнования профмастерства. День третий0002-08-2018
8Совет директоров принял решение провести годовое Общее собрание акционеров ПАО «Газпром» 26 июня 2025 года0005-02-2025
9دوره چشمه جاری تربیت برگزار می‌شود0002-03-2020
10Таро Традиционная Манга — Traditional Manga Tarot0023-03-2021

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 7.99. Источник: www.azattyq.org.