Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Украин дрондары Ресейдің Пермь өңіріндегі "Лукойл" мұнай өңдеу зауытына шабуылдады

Дата публикации: 21-08-2026 06:41:28

Украина қарулы күштерінің дрондары 21 тамызға қараған түні Ресейдің Пермь өңіріне шабуыл жасаған. Мұны Telegram-арналар мен жергілікті билік органдары хабарлады. Бұл аймақ Украинадан 1000 шақырымнан астам алыста жатыр.
Облыстық аумақтық қауіпсіздік министрлігі дрон шабуылы тойтарылды деп мәлімдеді. Аймақта "Кілем" жоспары іске қосылған. "Росавиация" федералдық әуе көлігі агенттігі Пермь әуежайына (Большое Савино) ұшақтардың келуі мен кетуіне уақытша шектеу енгізілгенін...

Основное содержимое страницы с новостью.

Украина қарулы күштерінің дрондары 21 тамызға қараған түні Ресейдің Пермь өңіріне шабуыл жасаған. Мұны Telegram-арналар мен жергілікті билік органдары хабарлады. Бұл аймақ Украинадан 1000 шақырымнан астам алыста жатыр.

Облыстық аумақтық қауіпсіздік министрлігі дрон шабуылы тойтарылды деп мәлімдеді. Аймақта "Кілем" жоспары іске қосылған. "Росавиация" федералдық әуе көлігі агенттігі Пермь әуежайына (Большое Савино) ұшақтардың келуі мен кетуіне уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады.

Украинаның Supernova+ және Exilenova+ Telegram-арналары "Лукойл-Пермнефтеоргсинтез" мұнай өңдеу зауытына (ПНОС) шабуыл жасалған деп жазды. Олар шабуылдан кейін өрт шыққаны көрінетін видеолар мен фотосуреттер жариялап жатыр.

Пермь өңірінің билігі дрон шабуылының салдары туралы әлі хабарлаған жоқ.

Украина армиясы "Лукойл-Пермнефтеоргсинтезге" бұған дейін де бірнеше рет шабуыл жасаған. Зауыт аймақтағы негізгі өнеркәсіп нысаны әрі Ресейдегі технологиялық тұрғыдан ең дамыған нысандарының бірі саналады. Ол жылына 13 миллион тоннадан астам мұнай өңдей алады, кейінгі кезде дейін мұнда өндірілетін мұнай өнімдерінің 50 пайыздан астамы экспортқа шығарылатын.

Ресейдің қорғаныс министрлігі Пермь өлкесі мен аннексияланған Қырым сияқты оннан астам аймақта 325 украин дроны атып түсірілді деп хабарлады. Ал неше дрон атып түсірілмей қалғаны ол есепте айтылмаған.

Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Киев халқы Ресей шабуылынан қаза тапқандарды аза тұтады08.9921-08-2026
2Агидель: Ночь 20 дек, Чт0019-12-2018
3Багаевская: День 18 дек, Вт0017-12-2018
4Багаевская: Утро 18 дек, Вт0017-12-2018
5Спрос на перевозки из Китая и Казахстана в Беларусь вырос в 3 раза0028-01-2025
6Информация об отдельных ошибках0030-07-2019
7Водителей в Новочеркасске предупредили об опасности ДТП из-за непогоды0027-02-2025
80025-02-2025
9Judge tosses convictions of 2 men in killing of Malcolm X0018-11-2021
10Вячеслав Володин решил ввести QR-коды для представителей Кремля и Белого дома0017-11-2021

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 12.67. Источник: www.azattyq.org.