Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары электронды лицензиялауға көшуде

Дата публикации: 01-07-2026 04:06:00

Қазақстанда балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары автоматтандырылған қызмет түріне қосылды.

Основное содержимое страницы с новостью.

Балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары электронды лицензиялауға көшуде

Қазақстанда балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары автоматтандырылған қызмет түріне қосылды.

Енді ұйымдар лицензия алу үшін өтінімді мемлекеттік органдарға бармай-ақ, толық онлайн форматта elicense.kz порталы арқылы бере алады. Электронды формат рұқсат құжаттарын алу рәсімін жеңілдетіп, ұйымдардың уақыт және әкімшілік шығындарын азайтады, сондай-ақ процестің ашықтығын арттырады.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялауды енгізді. Осыған байланысты заңнамада «балалар сауықтыру лагері» ұғымы «балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы» терминімен ауыстырылды. Бұл ұйымдардың тек сауықтыру емес, сонымен қатар білім беру қызметтерін де қамтитын кеңейтілген функцияларын көрсетеді.

Лицензия алу үшін elicense.kz порталына кіріп, «Білім беру» бөлімінен тиісті қызмет түрін таңдау, қажетті мәліметтерді толтыру, мемлекеттік баж салығын төлеу және өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет. Лицензия бес жыл мерзімге беріледі, ал өтінімді қарау мерзімі 30 жұмыс күніне дейін.

Жаңашылдық жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін орталықтарға қатысты және балаларға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін мемлекеттік те, жекеменшік ұйымдарға да қолданылады.

Лицензиялық талаптар медициналық қызмет көрсетудің, қауіпсіздік жүйелерінің болуын, бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларын, санитариялық нормалардың сақталуын, балалардың тұруына қолайлы жағдайлар мен қажетті инфрақұрылымның қамтамасыз етілуін қамтиды.

Аталған қызмет ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асырылды.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Детские образовательно-оздоровительные центры переходят на электронное лицензирование0501-07-2026
2В Казахстане запустят пилот по оказанию госуслуг ИИ-агентами0530-06-2026
3Казахстан стал учредителем Всемирной организации сотрудничества по искусственному интеллекту0501-07-2026
4Мажилис Казахстана ратифицировал протокол о поправках Договора о коллективной безопасности0012-02-2020
5В Казахстане впервые законодательно разрешили административную амнистию0501-07-2026
6Казахстан предложил РФ рассмотреть вариант прохождения "Силы Сибири - 2" по его территории0012-02-2020
7Все школы Крыма получат образовательные лицензии РФ в 2018 году0014-09-2018
8Минпросвещения призвало регионы следить за работой электронной услуги по записи в школу0001-02-2019
9Около 70% школьников Кировской области смогут учиться по электронным учебникам0023-08-2018
10В Казахстане долю населения, владеющего госязыком, планируют увеличить до 95% к 2025 году0012-01-2020

Классификация: В стране. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: profit.kz.