Маңғыстау облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара барысында электрсамокаттардың қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғалары жапондық оқыту әдістемесі негізінде көрнекі түрде көрсетілді. Арнайы қойылымдар арқылы жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдары, самокатты дұрыс пайдаланбаудың қаупі және жолдағы жауапкершіліктің маңызы балаларға әсерлі әрі түсінікті […]
Маңғыстау облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында электрсамокаттардың қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғалары жапондық оқыту әдістемесі негізінде көрнекі түрде көрсетілді. Арнайы қойылымдар арқылы жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдары, самокатты дұрыс пайдаланбаудың қаупі және жолдағы жауапкершіліктің маңызы балаларға әсерлі әрі түсінікті форматта жеткізілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері балаларға жолды тек арнайы белгіленген қауіпсіз жерден кесіп өту, көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана қозғалу, самокатпен жүрген кезде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және айналадағы жағдайға үнемі мұқият болу қажеттігін жан-жақты түсіндірді.

Мамандар мұндай тәжірибелік іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, олардың жауапкершілік деңгейін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу екенін атап өтті.
Полиция ата-аналарды балаларымен жол қауіпсіздігі тақырыбында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. Өйткені әрбір сақталған өмір – қоғам үшін баға жетпес құндылық.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 2 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 3 | Қызылордада жазасын өтеушілермен "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында кездесу өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 4 | Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық рейд өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 5 | Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 6 | Ұлттық домбыраны ұлықтаған полицейлер | 7 | 6 | 02-07-2026 |
| 7 | Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды | 2 | 6 | 02-07-2026 |
| 8 | Рудныйда киберполицейлер алаяқтардың жоспарын бұзып, тұрғынның баспанасын сақтап қалды | 5 | 7 | 02-07-2026 |
| 9 | Большое Солдатское: Вечер 7 сен, Пт | 0 | 0 | 07-09-2018 |
| 10 | На Украине арестовали экс-главу Апелляционного суда Крыма Чернобука | 0 | 0 | 05-11-2018 |