Нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартылды.
Нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартылды.
Шығыс Қазақстан облысында жаңғырту жұмыстары аяқталған Риддер және Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңғырту барысында вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелері, инженерлік желілер, жолаушылар платформалары және іргелес аумақ толық жаңартылды. Сондай-ақ заманауи жабдықтар мен жиһаз орнатылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, қызмет көрсету сапасы артты.
Риддер мен Шемонаиха теміржол вокзалдары Шығыс Қазақстан облысының маңызды көлік нысандарының бірі болып табылады. Оларды жаңғырту өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындар мен қонақтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын "Финтек-Астана" ЖШС мен "QK SUNQAR" ЖШС жүзеге асырды. Жаңғыртудан кейін Риддер вокзалының жалпы ауданы 471 шаршы метрді, ал Шемонаиха вокзалының ауданы 230 шаршы метрді құрайды.
Жалпы өңірде бағдарлама аясында бес теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Соның екеуі – Риддер мен Шемонаиха вокзалдары – пайдалануға берілді.
Еліміз бойынша теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биылғы 1 шілдеге дейін республика бойынша 30 жаңғыртылған вокзалды пайдалануға беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді | 0 | 5 | 28-06-2026 |
| 2 | Солтүстік Қазақстанда 2 теміржол вокзалы пайдалануға берілді | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 3 | Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 4 | Жамбыл облысында жанар-жағармай тасыған жүк көлігі өртенді | 0 | 5 | 28-06-2026 |
| 5 | Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады | 0 | 5 | 28-06-2026 |
| 6 | Астанада Мұқанов пен Баршын көшелері ішінара жабылады | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 7 | В КЧР за неделю открыли семь дворцов культуры в сельской местности | 0 | 0 | 28-08-2019 |
| 8 | В районах Омской области реализуют новые проекты благоустройства по нацпроекту | 5 | 7 | 27-06-2026 |
| 9 | СМИ сообщили о запуске грузового железнодорожного маршрута Чжэнчжоу - Москва | 0 | 0 | 08-08-2019 |
| 10 | Трансграничные маршруты с Белоруссией пользуются популярностью у пассажиров | 5 | 7 | 26-06-2026 |