Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Солтүстік Қазақстанда 2 теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Дата публикации: 27-06-2026 06:42:00

Солтүстік Қазақстан облысында жаңғырту жұмыстары жүргізілген Саумалкөл және Жаңаесілтеміржол вокзалдарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңғырту жұмыстары жүргізілген Саумалкөл және Жаңаесілтеміржол вокзалдарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Іс-шараларға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты.

Ашылу рәсімі барысында Жәнібек Тайжанов: "Жүргізілген жаңғырту жұмыстары нысандардың инфрақұрылымын жаңартуға, қауіпсіздік деңгейі мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, елді мекен тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді", – деп атап өтті.

Вице-министр жаңғыртылған вокзалдар өңірдің көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, халықтың ұтқырлығын арттыруға және жолаушылар тасымалының сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Бағдарлама аясында Солтүстік Қазақстан облысында үш теміржол вокзалын жаңғырту көзделген, оның екеуі – Саумалкөл және Жаңаесілвокзалдары – жаңартудан кейін пайдалануға берілді. Саумалкөл мен Жаңаесіл – Солтүстік Қазақстан облысының маңызды елді мекендері, ал теміржол вокзалдары өңірдің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарады.

Вокзалдарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан бойынша жүзеге асырылып жатқан 124 теміржол вокзалын қайта жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды. Бұл – Қазақстан Тәуелсіздігі жылдарындағы вокзал инфрақұрылымын дамыту бойынша ең ірі жоба. Іс-шара соңында вице-министр мамандар мен жобаның барлық қатысушыларына вокзалдарды жаңғырту бағдарламасын табысты жүзеге асыруға және елдің көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді0528-06-2026
2ШҚО-да жаңғыртылған алғашқы теміржол вокзалдары ашылды0527-06-2026
3Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады0528-06-2026
4Астанада жолаушылары бар автобус өртенді0527-06-2026
5Астанада Мұқанов пен Баршын көшелері ішінара жабылады0527-06-2026
6Жамбыл мен Түркістан облыстарында жер сілкінді0527-06-2026
7Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады0527-06-2026
8Жамбыл облысында жанар-жағармай тасыған жүк көлігі өртенді0528-06-2026
9Қонаевта жүрек ауруларын емдейтін жаңа орталық ашылды7727-06-2026
10ТМХ приобрел у Казахстанских железных дорог компанию по выпуску пассажирских вагонов0020-09-2018

Классификация: В стране. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.