Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстандық әскери дәрігерлер Сирия тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетті

Дата публикации: 27-06-2026 05:45:00

Акция аясында дәрігерлер Эль-Кунейтра провинциясындағы Хан-Арнаба қаласының тұрғындарын амбулаториялық қабылдаудан өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Акция аясында дәрігерлер Эль-Кунейтра провинциясындағы Хан-Арнаба қаласының тұрғындарын амбулаториялық қабылдаудан өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштері (UNDOF) құрамында қызмет атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ миссиясының далалық госпиталінің медицина қызметкерлерімен және Сирия Араб Республикасының денсаулық сақтау саласының мамандарымен бірлесіп гуманитарлық медициналық акция өткізді.

Медициналық тексеру нәтижесінде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан әрі ем қабылдау бойынша ұсынымдар берілді. Әсіресе балаларға, егде жастағы адамдарға және тұрақты медициналық бақылау мен сүйемелдеуді қажет ететін азаматтарға ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстандық бітімгерлердің, БҰҰ миссиясының далалық госпиталі медицина қызметкерлерінің және сириялық мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесінде тұрғындар уақытылы әрі білікті медициналық көмек алды. Хан-Арнаба қаласының тұрғындары қазақстандық бітімгерлер мен медицина қызметкерлеріне кәсібилігі, қамқорлығы және жанашырлығы үшін алғыс білдірді.

Мұндай гуманитарлық іс-шаралар бітімгерлер мен жергілікті халық арасындағы өзара байланысты нығайтып, БҰҰ миссиясының қызметіне деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қонаевта жүрек ауруларын емдейтін жаңа орталық ашылды7727-06-2026
2Аралда мүгедектігі бар 264 адамға медициналық бақылау жүргізілмеген0528-06-2026
3Российские военные раздали в Сирии 500 продовольственных наборов массой 2,5 т0021-08-2019
4Российские военные оказали гуманитарную помощь жителям сирийской провинции Дераа0005-07-2019
5СМИ: сирийские войска вошли в город Хан-Шейхун на юге провинции Идлиб0018-08-2019
6Шойгу отметил вклад Армении в нормализацию ситуации в Сирии0017-08-2019
7Российские военные провели три гуманитарные акции в сирийских провинциях0007-07-2019
8Ирак и Ливан впервые участвуют как наблюдатели в переговорах по Сирии в Нур-Султане0031-07-2019
9Делегации Ирана, Иордании и Ирака прибыли в Нур-Султан на встречу по Сирии0031-07-2019

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.