Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қонаевта жүрек ауруларын емдейтін жаңа орталық ашылды

Дата публикации: 27-06-2026 07:39:00

Жаңа медициналық мекеме өңірдегі жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


Основное содержимое страницы с новостью.

Жаңа медициналық мекеме өңірдегі жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қонаев қаласында Алматы облысының тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін заманауи Кардиологиялық орталық өз жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жоба "Интермед Плюс" ЖШС тарапынан Алматы облысы әкімдігінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Орталықтың ашылу салтанатына Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов қатысты.

Кардиологиялық орталық 50 төсек-орынға арналған және тәулік бойы жоспарлы әрі шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Мұнда интервенциялық кардиология, аритмология және кардиохирургия бөлімшелері жұмыс істейді. Пациенттер диагностикадан бастап жоғары технологиялық операцияларға дейінгі емнің толық кезеңінен бір медициналық ұйымда өте алады.

Орталықты жарақтандыру үшін 100-ден астам заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Олардың қатарында ангиографиялық жүйе, электрофизиологиялық зерттеулер мен радиожиілікті абляция жасауға арналған аппараттар, заманауи кардиохирургиялық операциялық бөлме, компьютерлік томограф, сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйелер және зертханалық жабдықтар бар.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, жаңа орталықтың ашылуы өңірдегі мамандандырылған медициналық көмекті дамытудағы маңызды қадам.

"Бүгін біз Алматы облысының тұрғындарына жоғары технологиялық кардиологиялық көмекті қолжетімді ететін жаңа орталықты іске қосып отырмыз. Жүрек-қан тамырлары аурулары халық денсаулығына елеулі қауіп төндіретіндіктен, кардиологиялық қызметті дамыту – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және білікті мамандар жұмыс істейтін бұл орталық мыңдаған адамның өмірін сақтап, өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", – деді Ержан Сүлейменов.

Айта кету керек, жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып, ғимарат құрылысына бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Жаңа орталықтың іске қосылуы Алматы облысында кардиологиялық көмектің қолжетімділігін арттырып, Алматы қаласының медициналық ұйымдарына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Ашық есік күні 30 қатерлі ісік дерегі анықталды0527-06-2026
2Қазақстандық әскери дәрігерлер Сирия тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетті0527-06-2026
3Аралда мүгедектігі бар 264 адамға медициналық бақылау жүргізілмеген0528-06-2026
4Әділ қоғам құрудың негізі5709-03-2026
5Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді0526-06-2026
6Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады0528-06-2026
7Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады0527-06-2026
8Ескі көлігіңізді лақтырып тастауға асықпаңыз, енді одан табыс табуға болады0527-06-2026
9Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді0528-06-2026
10Солтүстік Қазақстанда 2 теміржол вокзалы пайдалануға берілді0527-06-2026

Классификация: Национальные проекты. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 7. Информативность: 7. Источник: inbusiness.kz.