Маңғыстау облысында Каспий теңізіне батып кеткен ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облысында Каспий теңізіне батып кеткен ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1999 жылы туған ер адам шомылуға арналмаған жерде суға түскен кезде батып кеткен.
"Кешке қарай Мұнайлы ауданында Каспий теңізінің жағалауынан, оқиға орнынан 9 шақырым қашықтықта ер адамның денесі табылды", – делінген хабарламада..
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті, "YKK Kazakhstan LLP" ЖШС мамандары, еріктілер, жергілікті тұрғындар және ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, суға түсуге тыйым салынған орындарға бармауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Маңғыстауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйде көлік айдаған | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 2 | Ер адам батыс өңірлерге есірткі тасу үшін жүк жеткізу қызметін пайдаланған | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 3 | Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 4 | Жамбыл облысында жанар-жағармай тасыған жүк көлігі өртенді | 0 | 5 | 28-06-2026 |
| 5 | Найден пропавший во время заплыва через озеро глава Российско-Киргизского Фонда развития | 0 | 0 | 01-09-2019 |
| 6 | Жамбыл мен Түркістан облыстарында жер сілкінді | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 7 | Капитан перевернувшегося в Черном море судна будет объявлен в розыск | 0 | 0 | 05-07-2019 |
| 8 | Астанада жолаушылары бар автобус өртенді | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 9 | Спасатели у берегов Крыма нашли тело пропавшего в море рыбака | 0 | 0 | 04-07-2019 |
| 10 | Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды | 2 | 6 | 02-07-2026 |