Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ер адам батыс өңірлерге есірткі тасу үшін жүк жеткізу қызметін пайдаланған

Дата публикации: 27-06-2026 11:59:00

Күдікті Ақтау қаласында сәлемдемені алып жатқан сәтінде қылмыс үстінде ұсталды.


Основное содержимое страницы с новостью.

Күдікті Ақтау қаласында сәлемдемені алып жатқан сәтінде қылмыс үстінде ұсталды.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысы полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері 41 жастағы азаматтың ізіне түсіп, оның Жамбыл облысынан Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырғанын анықтады. Тыйым салынған жүкті тасымалдау үшін жүк тасымалдау қызметтері пайдаланылып, есірткілер қарапайым сәлемдеме ретінде жасырылған.

"Сәлемдемені тексеру барысында полиция қызметкерлері ішінде өсімдік тектес зат салынған екі қапты анықтады. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін растады. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 33,5 келіден асты", – делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аталған есірткі партиясы еліміздің батыс өңірлерінде одан әрі таратылуға арналған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткі жеткізу арнасының жолын кесу нәтижесінде ірі көлемдегі тыйым салынған заттардың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Маңғыстауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйде көлік айдаған0527-06-2026
2Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның мәйіті 9 шақырым қашықтықтан табылды0527-06-2026
3Астанада жолаушылары бар автобус өртенді0527-06-2026
4Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды0527-06-2026
5Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді0527-06-2026
6Житель Кыштыма ответит в суде за смерть знакомого при разгрузке сена-2626-06-2026
7Жамбыл облысында жанар-жағармай тасыған жүк көлігі өртенді0528-06-2026
8Аралда мүгедектігі бар 264 адамға медициналық бақылау жүргізілмеген0528-06-2026
9В Аксае разыскивают пропавшего 17-летнего подростка, который приехал на заработки0526-06-2026
10Баланың сөзін бөлмеу де маңызды саналады0507-04-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.