Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қарағанды облысында заңбұзушылықтар анықталып, 3 млрд теңгеден астам сатып алу тоқтатылды

Дата публикации: 26-06-2026 17:10:00

348 481 373 теңгенің негізсіз пайдаланылуына жол берілмеді.


Основное содержимое страницы с новостью.

348 481 373 теңгенің негізсіз пайдаланылуына жол берілмеді.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының прокуратурасы 558 млн теңгеден астам сомаға бюджет заңнамасының бұзылуына жол бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарқаралы ауданының прокуратурасы 558 481 373 теңге сомасындағы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жолбермеді.

Аудан прокуратурасы 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту кезінде бюджет заңнамасының сақталуына жүргізген тексеру нәтижесінде 210 000 000 теңге көлемінде бюджетті негізсіз жоспарлау фактісін анықтады.

Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы талаптарының бұзылуы бойынша қадағалау актісін енгізді. Атап айтқанда, сметалық есептер мен жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген түзетулердің баға қалыптастыруын растайтын құжаттардың болмауы, қаржыландырылатын нысанның бюджет әкімшісінің балансында болмауы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы жоқ маршрутты субсидиялау фактілері анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу нәтижесінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының талаптарының бұзылу фактілері анықталды. Атап айтқанда, бюджет қаражатын оңтайлы әрі тиімді жұмсау қағидаттарының сақталмауы және әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер берілмеуі орын алған.

Аудан прокуратурасының наразылығы бойынша жалпы сомасы 3 090 000 000 теңге болатын мемлекеттік сатып алулардың күші жойылып, бюджетке қаражат қайтарылды және 348 481 373 теңгенің негізсіз пайдаланылуына жол берілмеді.

Қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша бюджет қаражаты әлеуметтік маңызы бар жобаларға қайта бөлінді. Сондай-ақ 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың қатарында аудан әкімінің орынбасары да бар. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры5716-06-2026
2Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді0528-06-2026
3Көкмайса: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды0527-06-2026
478 миллион теңге негізсіз төленген: мектеп жөндеуіндегі заңбұзушылық әшкереленді0527-06-2026
5Астанада Мұқанов пен Баршын көшелері ішінара жабылады0527-06-2026
6Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады0528-06-2026
7Жамбыл облысында жанар-жағармай тасыған жүк көлігі өртенді0528-06-2026
8Ашық есік күні 30 қатерлі ісік дерегі анықталды0527-06-2026
9Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді0527-06-2026
10На Карачаганаке в Казахстане вынужденно сократили добычу нефти и газа0726-06-2026

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.