Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Көкмайса: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Дата публикации: 27-06-2026 10:01:00

Өңірде бір мезетте 35 киіз үй тігіліп, 15 мыңға жуық қонақ жиналды. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қазақ халқының бай мұрасы мен ұлттық құндылықтарын ұлықтайтын дәстүрлі "Көкмайса – даланың тірі тарихы" этнофестивалі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауқымды мәдени іс-шараға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, фестиваль алаңындағы негізгі көрме және этноаймақтарды аралады.

Фестивальдің алғашқы бағдарламасы таңғы сағат 09:30-да креативті аймақпен танысудан басталды. Одан кейін "Көкмайса – даланың тірі тарихы" ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, өңір басшысы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

– "Көкмайса" – облысымыздың брендіне айналған ерекше фестиваль. Биыл ол он бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы уақытқа дейін бұл игі дәстүр Ұлытау ауданында өткізіліп келсе, биыл алғаш рет Жаңаарқа жерінде жалғасын тапты. Мұнда алыс-жақын шетелдерден қонақтар қызығушылық танытып арнайы келіп отыр. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, – деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.

Фестивальдің ең әсерлі сәттерінің бірі – бір мезетте 500 биенің сауылуы болды. Бұл көрініс ұлттық дәстүрдің өміршеңдігін айшықтап, жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.

Сонымен қатар қазақ халқының көне "Қымызмұрындық" дәстүрі сахналанып, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді. Қонақтар мен көрермендерге жаңа сауылған қымыз ұсынылып, ұлттық ойындар мен дәстүрлі өнер көрсетілімдері ұйымдастырылды.

Бұдан кейін облыс әкімі еліміздің әр өңірінен келген этноауылдарды аралап, киіз үйлер көрмесімен танысты. Ұлттық тағамдардан дәм татып, салт-дәстүр көріністерін тамашалады және қолөнер шеберлерінің туындыларын көріп, олардың еңбегіне жоғары баға берді.

Фестиваль аясында ұлттық спорт түрлерінен де тартысты жарыстар өтті. Қонақтар көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, асық ату, жілік сындыру, қошқар көтеру және арқан тартыс секілді ұлттық ойындардың қызығына куә болды.

Күннің екінші жартысында ұлттық спорт жеңімпаздары мен құрақ көрпе тігудің үздік шеберлерін марапаттау рәсімі өтеді. Мерекелік шара кешкі гала-концертпен қорытындыланады. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Ұшқын Жамалбек, Өзгеріс Жерікбай және JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP өнер көрсетеді.

"Көкмайса – даланың тірі тарихы" этнофестивалі – халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, қолөнерін және этномәдени мұрасын кеңінен дәріптеп, ұлттық бірегейлікті нығайтатын тағылымы мол мәдени жоба. Бұл фестиваль ұлт руханиятын ұлықтап қана қоймай, өңірдің туристік әлеуеті мен мәдени келбетін айшықтайтын маңызды шара ретінде өз мәртебесін жыл сайын арттырып келеді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қарағанды облысында заңбұзушылықтар анықталып, 3 млрд теңгеден астам сатып алу тоқтатылды0526-06-2026
2Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді0527-06-2026
3Жамбыл облысында жанар-жағармай тасыған жүк көлігі өртенді0528-06-2026
4Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды2602-07-2026
5Келесі жылы «пандемия балалары» мектепке барады0516-06-2026
678 миллион теңге негізсіз төленген: мектеп жөндеуіндегі заңбұзушылық әшкереленді0527-06-2026
7 Комментарий к записи «Қазақстан халқына» қоры өтініштерді қабылдай бастады (Kozhakhmet) -5212-02-2022
8Маңғыстауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйде көлік айдаған0527-06-2026
9Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды0527-06-2026
10Ер адам батыс өңірлерге есірткі тасу үшін жүк жеткізу қызметін пайдаланған0527-06-2026

Классификация: В стране. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.