Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Жаңартылған Конституция – ғылым мен білімнің жаңа мүмкіндіктері

Дата публикации: 13-02-2026 08:17:00

Жаңартылған Конституцияда ғылым мен білімге қатысты нормалардың күшейтілуі – ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық бағытын айқындайтын аса маңызды қадам. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Жаңартылған Конституцияда ғылым мен білімге қатысты нормалардың күшейтілуі – ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық бағытын айқындайтын аса маңызды қадам. 

Бұл өзгерістер Қазақстанды білімге, зияткерлік әлеуетке және инновацияға сүйенген мемлекет ретінде орнықтыруға бағытталған.

Ғылым мен білім – кез келген елдің экономикалық қуаты мен бәсекеге қабілеттілігінің басты тірегі. Конституциялық деңгейде білімнің қолжетімділігі, ғылымды дамытуға мемлекеттік қолдау, академиялық еркіндік пен зерттеу қызметінің дербестігінің бекітілуі жоғары оқу орындары мен ғылыми қауымдастық үшін жаңа серпін береді.

Мен Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің Құрылтайшысы ретінде атап өткім келеді: жаңартылған Ата заңдағы бұл ұстанымдар университеттердің тек білім беретін мекеме ғана емес, ұлттың интеллектуалдық капиталын қалыптастыратын орталық ретіндегі рөлін күшейтеді. Ғылыми зерттеулерді экономикамен, өндіріс пен қоғам сұранысымен ұштастыруға құқықтық негіз қаланады.

Әсіресе, ғылым мен инновацияны қолдау, жас ғалымдардың әлеуетін арттыру, білім мен еңбектің әділ бағалануы ел экономикасының сапалы өсіміне жол ашады. Бұл – адами капиталды бірінші орынға қоятын өркениетті таңдаудың айғағы.

Жаңартылған Конституциядағы ғылым мен білімге қатысты өзгерістерді қолдай отырып, біз Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың, бәсекеге қабілетті ғылымның қолында екенін нақты сезінеміз. Ата заңға сүйенген ғылым мен білім – елдің тұрақты дамуының кепілі.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Әділ қоғам құрудың негізі5709-03-2026
2Новая Конституция усилит социальную поддержку материнства5702-07-2026
3Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестклимата5709-07-2026
4Қазақстан жоғары технологиялық экономика құрған елге айнала алады0526-03-2026
5Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады6725-06-2026
6Еуроодақ елшісі: Брюссельде Тоқаев қатысқан кездесуде адам құқығы мәселесі қозғалды06.0603-07-2026
7Конституция Казахстана: игра в преемника0503-02-2026
8Қазақша сөйлеу «сәнді әрі тиімді» болған кезде, танымалдылық мәселесі өздігінен шешіледі5727-02-2026
9Верховенство закона – главный принцип развития страны5606-07-2026
10Туризмді дамыту тек жаңа қонақүйлер салумен немесе жол жөндеумен шектелмеуі керек0509-04-2026

Классификация: Национальные проекты. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 5. Информативность: 7. Источник: inbusiness.kz.