Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Әділ қоғам құрудың негізі

Дата публикации: 09-03-2026 10:17:00

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа белесін айқындайтын маңызды қадам.
 
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа белесін айқындайтын маңызды қадам.    

Бұл құжат мемлекетіміздің саяси жүйесін жаңғыртып қана қоймай, ұлттың интеллектуалды әлеуетін арттыруға жол ашатын басты кепіл болмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ғылым ордасы" ШЖҚ РМК директоры Ұлар Мұқажанов айтты.

Заң үстемдігі бар жерде ғана әділетті қоғам қалыптасатынын тілге тиек еткен ол бүгінгі таңда әділдікке деген сұранысты нақты іске айналдыратын уақыт келгенін жеткізді.

"Әділ қоғам тек сөз жүзінде емес, нақты іс-әрекет арқылы көрінуге тиіс. Осы тұрғыда жаңа Конституция – Қазақстанның дамуына жаңа серпін беретін стратегиялық қадам. Бұл формалды реформа ғана емес, әр азаматтың күнделікті өміріне оң әсер ететін нақты нәтижелерге бағытталған өзгеріс. Жаңа Конституция ең алдымен адамның құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қояды. Бұл ел тұрақтылығын нығайтып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімге жаңа тыныс береді. Себебі мықты мемлекеттің іргетасы тек әділдікпен қаланады", – деп атап өтті Ұлар Мұқажанов.

Сондай-ақ ол Ата заңдағы өзгерістер ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, білім-ғылым және инновация салаларының өркендеуіне жол ашатыны жөнінде ойын сабақтады.

"Осынау тарихи бетбұрыстың тағдыры алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда шешілмек. Бұл тарихи сәтте әрқайсымыз белсенділік танытып, өз пікірімізді білдіруіміз қажет. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде таңдауымды жасаймын әрі сіздерді де маңызды іс-шарадан тыс қалмауға шақырамын", – деді ол.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жаңартылған Конституция – ғылым мен білімнің жаңа мүмкіндіктері5713-02-2026
2Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады6725-06-2026
3Токаев заявил о начале новой эры в истории Казахстана0501-07-2026
4Сауда құлдырады: қазақстандықтар жаппай ақша үнемдей бастады-2504-07-2026
5Қонаевта жүрек ауруларын емдейтін жаңа орталық ашылды7727-06-2026
6Экологияға қиянат жасаған компанияларды жаппай жазалау басталды5704-07-2026
7Туризмді дамыту тек жаңа қонақүйлер салумен немесе жол жөндеумен шектелмеуі керек0509-04-2026
8Қазақстан – ауыл шаруашылығы әлеуеті өте жоғары елдердің бірі5623-04-2026
9Енді көлік жол апатында «112» қызметіне өзі қоңырау соғады0526-06-2026
10Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры5716-06-2026

Классификация: Мнения. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 5. Информативность: 7. Источник: inbusiness.kz.