Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Сұңқар Сейдахмет пен Самир Дурсунов күрестен U20 Азия чемпионатының финалына шықты

Дата публикации: 04-07-2026 10:59:00

Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасуда.


Основное содержимое страницы с новостью.

Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасуда.

Бүгін, 4 шілдеде бозкілемге еркін күрес шеберлері шықты. Нәтижесінде екі отандасымыз алтын жүлде үшін күрессе, үш балуанымыз қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

70 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Сейдахмет жартылай финалда жапониялық Рёсэй Сукэгаваны жеңді. Енді ол финалда үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскармен күреседі. Сондай-ақ 97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов 1/2 финалда моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Отгондойваадан басым түсті. Енді қазақстандық спортшы ақтық сында Қытай өкілі Ян Юаньчунмен белдеседі.

Ал Рамиль Расим 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өтетін белдесуде үндістандық Рохитпен күш сынасады.

65 келіге дейінгі салмақта Мұхамеджан Орынбасар өзбекстандық Санжарбек Анварбековпен қола жүлдені сарапқа салады. 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола жүлде үшін өтетін белдесуде Амирбек Урдушевпен кездеседі.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды0504-07-2026
2U20 Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі күміс, үш қола түсті0503-07-2026
3Асылым Жақия жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды8725-06-2026
4Қазақстан мен ITTF ASTANA–2027 үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол қойды0504-07-2026
5Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды5727-06-2026
6Команда Камиля Герейханова бьётся за титул0522-06-2026
7Волейболисты Семенов и Лешуков вышли в третий раунд отборочного турнира на ОИ0019-09-2019
8Волейболисты Семенов и Лешуков вышли в финал отборочного турнира на ОИ0021-09-2019
9Spānijas U20 armāda uzpilda degvielu un nenogrimst Daugavas kanjonā0529-06-2026
10Россиянин Самсонов вышел в финал юниорского Гран-при по фигурному катанию0021-09-2019

Классификация: Спорт. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.