Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстан мен ITTF ASTANA–2027 үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол қойды

Дата публикации: 04-07-2026 08:52:00

3 шілде күні Астанада ITTF World Table Tennis Championships Finals ASTANA–2027 әлем чемпионатына дайындық аясындағы маңызды оқиға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.


Основное содержимое страницы с новостью.

3 шілде күні Астанада ITTF World Table Tennis Championships Finals ASTANA–2027 әлем чемпионатына дайындық аясындағы маңызды оқиға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) ашылу салтанаты аясында 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин мен Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлинг (Швеция) қол қойды.

Бұл келісім әлемдік деңгейдегі ең ірі спорттық жарыстардың біріне дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады. Құжат тараптардың чемпионатты ITTF халықаралық стандарттарына сәйкес ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өзара іс-қимылын айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин бұл келісім елімізде үстел теннисін дамыту бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың заңды жалғасы екенін атап өтті.

"Бүгін біз 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу туралы келісімге қол қою сынды тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Бұл – Қазақстанда үстел теннисін дамыту мен кеңінен насихаттау жолындағы ауқымды жұмыстың заңды жалғасы. Халықаралық үстел теннисі федерациясына елімізге сенім білдіргені үшін, сондай-ақ Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Бірлескен күшжігердің арқасында әлем чемпионатын ең жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізетінімізге сенімдімін", – деді Данияр Әбілғазин.

2027 жылғы 22–30 мамыр аралығында Астана Орталық Азия тарихында алғаш рет ITTF World Table Tennis Championships Finals әлем чемпионатын қабылдайды. Дүбірлі додаға әлемнің 100-ден астам елінен ең үздік спортшылар, мыңдаған жанкүйерлер, ресми делегациялар, халықаралық серіктестер және жетекші әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келеді деп күтілуде.

ITTF президенті Петра Сёрлинг бұл келісімнің әлем чемпионатына дайындықтың жаңа кезеңін бастайтынын атап өтті.

"Бүгін біз алдағы әлем чемпионатына дайындықтың жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды қадам жасадық. Қазақстанмен бірлесіп ITTF тарихындағы ең үздік турнирлердің бірін өткізетінімізге сенімдімін. Қазақстанға, Астана қаласына, Қазақ ұлттық спорт университетіне және Қазақстан Үстел теннисі федерациясына нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс білдіремін. 2027 жылы Астанада қайта жүздесуді асыға күтеміз", – деді Петра Сёрлинг.

Қазақстанға сапары аясында ITTF делегациясы Қазақ ұлттық спорт университетінің салтанатты ашылуына да қатысты. Келісімнің дәл осы күні жасалуы ерекше мәнге ие. Себебі жаңа университет спорт, спорт ғылымы және спорт менеджменті саласындағы болашақ мамандарды даярлайтын заманауи білім беру орталығына айналады.

ASTANA–2027 әлем чемпионатына дайындық Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы, Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF), Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі арасындағы тығыз ынтымақтастық негізінде жалғасуда.

Алдағы әлем чемпионаты Қазақстан тарихындағы үстел теннисінен өтетін ең ірі халықаралық жарыс қана емес, еліміздің әлемдік спорт қауымдастығы алдындағы беделін арттырып, халықаралық деңгейдегі ауқымды спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатын мемлекет екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды0503-07-2026
2U20 Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі күміс, үш қола түсті0503-07-2026
3Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды0504-07-2026
4Казахстан отказался переносить отборочные матчи Кубка Федерации из Китая в Нур-Султан0029-01-2020
5Таразда Ұлттық ұланның қазақ күресінен чемпионаты өтті0503-07-2026
6Қазақстандық балуандар күрес түрлерінен Венгриядағы рейтингтік турнирде бақ сынайды0504-07-2026
7Open Air концертіне байланысты «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі0504-07-2026
8Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты0527-06-2026
9Сұңқар Сейдахмет пен Самир Дурсунов күрестен U20 Азия чемпионатының финалына шықты0504-07-2026
10Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды5727-06-2026

Классификация: Спорт. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.