Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

23 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа бөлім ашылды

Дата публикации: 04-07-2026 05:14:00

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Қостанай облысының Тобыл қаласында №28 өрт сөндіру бөлімінің ашылу рәсіміне қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.


Основное содержимое страницы с новостью.

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Қостанай облысының Тобыл қаласында №28 өрт сөндіру бөлімінің ашылу рәсіміне қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Салтанатты іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты. Жаңа нысан – Тобыл қаласының тарихындағы алғашқы кәсіби өрт сөндіру бөлімі әрі өңірдің азаматтық қорғау жүйесін дамытудағы маңызды қадам.

Заманауи өрт сөндіру депосы жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды. Жаңа бөлімше 13 мыңға жуық тұрғыны бар 23 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өрт сөндіру бөлімінде тәулік бойы қызмет атқаруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға қажетті барлық жағдай жасалған.

Мұнда газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, оқу сыныбы, диспетчерлік пункт, жеке құрамның демалуына және даярлығына арналған бөлмелер, сондай-ақ өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықтарды сақтау және қызмет көрсету аймақтары жабдықталған. Штат бойынша бөлімде 32 қызметкер жұмыс істейді және ол бес бірлік өрт сөндіру техникасымен жарақтандырылған.

Салтанатты рәсім барысында Шыңғыс Әрінов пен Құмар Ақсақалов Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне берілетін жаңа арнайы техниканың кілттерін табыстады. Гарнизонның автопаркі жедел қызметтік автокөліктермен, командалық-штабтық автокөлікпен, өрт сөндіру автоцистерналарымен және автосатылармен толықтырылды.

Жобаны іске асыруға және азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың өкілдері Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыс әкімдігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы Тобыл қаласы мен оған іргелес елді мекендердің өрт қауіпсіздігі деңгейін едәуір арттыруға, алғашқы бөлімшелердің оқиға орнына жету уақытын қысқартуға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нысанды дамыту жұмыстары жалғасады. Екінші кезеңде оқу мұнарасын, жеке құрамға арналған жатақхананы және спорт кешенін салу жоспарланған. Барлық кезең аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бөлімі азаматтық қорғау жүйесінің талаптарына толық сәйкес келетін, жеке құрамды даярлау мен қызмет өткеруге арналған заманауи орталыққа айналады.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды0503-07-2026
2Астанада Мұқанов пен Баршын көшелері ішінара жабылады0527-06-2026
3ҚазҰТБ-ның болашақ әскери мамандары алғашқы далалық тәжірибеден өтті0504-07-2026
4Жамбыл мен Түркістан облыстарында жер сілкінді0527-06-2026
5Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды0527-06-2026
65 жылдан аса Қырғызстанның «екінші адамы» болған Қамшыбек Тәшиевке сот үкімі шықты0503-07-2026
7Баянауыл ауданында инвесторларға туризм саласындағы жобалар таныстырылды0504-07-2026
8«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді0503-07-2026
9Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық ірі компаниялардың басшыларымен инвестициялық жобаларды талқылады0504-07-2026
10Сауда құлдырады: қазақстандықтар жаппай ақша үнемдей бастады-2504-07-2026

Классификация: Сибирь. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.