Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Баянауыл ауданында инвесторларға туризм саласындағы жобалар таныстырылды

Дата публикации: 04-07-2026 06:36:00

Баянауыл ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп, республикалық «Инвест-керуен» акциясы аясында іске асырылып жатқан туристік инвестициялық жобаларға көшпелі кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Баянауыл ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп, республикалық "Инвест-керуен" акциясы аясында іске асырылып жатқан туристік инвестициялық жобаларға көшпелі кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Іс-шараға аудан прокуроры мен аудан әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері және инвесторлар қатысты. Қатысушылар екі туристік демалыс аймағы мен салынып жатқан визит-орталықты қоса алғанда үш нысанды аралап, жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
 
Кездесу барысында кәсіпкерлермен инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер, әкімшілік кедергілерді жою және инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары талқыланды.
 
Кездесу қорытындысы бойынша "Сабындыкөл Plaza" инвестициялық жобасына кіреберіс жолды асфальттау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұл шара нысанның инфрақұрылымын жақсартуға және оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
 
Іс-шара барысында бизнесті қолдаудың цифрлық құралдарына ерекше назар аударылды. Инвесторларға құқықтарының бұзылуы мәселелері бойынша прокуратура органдарына жедел жүгінуге мүмкіндік беретін "Мобильді прокурор" мобильді қосымшасы таныстырылды.
 
Баянауыл ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды және өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жалғастыруда.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық ірі компаниялардың басшыларымен инвестициялық жобаларды талқылады0504-07-2026
2 Бельгия мен Нидерландтың танымал басылымдары Қазақстан туризміне назар аударды0503-07-2026
3Назарбаев предложил совместно с Россией развивать туризм на Каспии0009-11-2018
423 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа бөлім ашылды0504-07-2026
5Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын0503-07-2026
6Путин: новые виды туризма позволят России и Казахстану увеличить взаимные турпотоки0009-11-2018
7Власти Башкирии планируют довести объем инвестиций в республику до 500 млрд рублей в год0027-09-2019
8Бурятия претендует в 2019 году на 350 млн рублей на проекты по развитию туризма0011-09-2018
9Мединский призвал найти инвесторов для находящихся в запустении памятников архитектуры0031-08-2019
10Кузбассу могут дать право изымать землю у недобросовестных инвесторов на Шерегеше0004-04-2025

Классификация: МСП. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.