Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Ұлттық домбыра күні аталып өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz. Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында қазақ халқының бай рухани мұрасын, ұлттық мәдениеті мен ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін дәріптейтін Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында қатысушылар домбыраның шығу тарихы, оның қазақ халқының өміріндегі айрықша орны және күй […]
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Ұлттық домбыра күні аталып өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында қазақ халқының бай рухани мұрасын, ұлттық мәдениеті мен ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін дәріптейтін Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар домбыраның шығу тарихы, оның қазақ халқының өміріндегі айрықша орны және күй өнерінің бірегей музыкалық мұра ретіндегі маңызы туралы баяндады. Сондай-ақ қазақтың белгілі күйші-композиторларының шығармалары орындалып, олар арқылы халықтың тарихы, салт-дәстүрі мен дүниетанымы көрініс тапты. Мерекелік шараға қатысушылар ұлттық өнермен жақынырақ танысып, қазақ мәдениетінің басты нышандарының бірі – домбыра үнінің құдіреті мен тереңдігін сезіне алды.
Іс-шараға түрлі ұлт өкілдерінен құралған 20-дан астам сотталған әйел, оның ішінде қазақ, орыс және өзбек ұлтының өкілдері қатысты.
Мекемедегі тәрбиелік жұмыста тұрақты түрде жұмыс істейтін домбыра үйірмесінің орны ерекше. Үйірмені орындаушылық шеберлігі жоғары сотталған әйел жүргізеді. Оның жетекшілігімен үйірме қатысушылары ұлттық аспапта ойнаудың негіздерін меңгеріп, дәстүрлі күйлерді үйреніп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, қазақ халқының рухани құндылықтарына жақындай түсуде.
Іс-шара барысында үйірме мүшелері күйлер мен халықтық музыкалық шығармаларды орындап, домбырада ойнау барысында меңгерген шеберліктерін көрсетті. Олардың өнері көрермендердің зор қызығушылығын тудырып, ыстық ықылас пен қошеметке бөленді.
– Мен үшін домбырада ойнау – қазақ халқының бай мәдениетін жаңаша тануға мүмкіндік берді. Әрбір сабақ жан дүниеме тыныштық сыйлап, шығармашылық тұрғыдан дамуыма және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге ықпал етеді. Осындай үйірменің мүшесі болғаныма қуаныштымын. Мұндай іс-шаралар рухани құндылықтарымызды еске салып, жақсы өзгерістерге шабыттандырады, – деді сотталған әйел.
– Ұлттық домбыра күні – әртүрлі ұлт пен түрлі буын өкілдерін ортақ рухани құндылықтар төңірегіне біріктіретін мереке. Осындай іс-шараларды мекемеде өткізу Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға, ұлттық дәстүрлерге құрмет қалыптастыруға, сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өзара түсіністік ахуалын нығайтуға ықпал етеді. Өнер мен мәдениет арқылы біз тұлғаның рухани дамуына және сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне қолайлы жағдай жасаймыз, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Елордада қала күні қарсаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Асыл мұра» концерті өтеді | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 2 | Глава 13 "Подозрения и Обман": Джокер и голубь с большой ... | 0 | 0 | 21-02-2025 |
| 3 | В Кузнецке прошел городской конкурс «А ну-ка, парни!» | 0 | 0 | 21-02-2025 |
| 4 | ☝Мамы, хотите действительно отдохнуть и не думать как накормить любимых, ... | 5 | 6 | 29-06-2026 |
| 5 | Билибино: Вечер 31 окт, Ср | 0 | 0 | 30-10-2018 |
| 6 | Агидель: Ночь 20 дек, Чт | 0 | 0 | 19-12-2018 |
| 7 | Багаевская: Ночь 18 дек, Вт | 0 | 0 | 17-12-2018 |
| 8 | Дмитрий Борисов Стихи Любовь Такая разная То сладость То война ... | 0 | 0 | 21-02-2025 |
| 9 | ISL | Bengaluru will be keen on regaining consistency as it faces Mohammedan | 0 | 0 | 10-01-2025 |
| 10 | Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды | 0 | 5 | 02-07-2026 |