Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбеде полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, бірінші жағдайда күдікті салық органдарындағы бұғатталған есепшотты ашып беремін деген желеумен құрылыс компаниясының бухгалтерін алдап, 580 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген. Екінші жағдайда ол жеке кәсіпкердің басшысына басқа […]
Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, бірінші жағдайда күдікті салық органдарындағы бұғатталған есепшотты ашып беремін деген желеумен құрылыс компаниясының бухгалтерін алдап, 580 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.
Екінші жағдайда ол жеке кәсіпкердің басшысына басқа облыста тұратын, ірі көлемде қарызы бар азаматты тауып беруге көмектесетінін айтып, сеніміне кірген. Осы сылтаумен кәсіпкерден 4 миллион теңге алып, өз пайдасына жаратқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.
Аталған фактілер бойынша алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға, бейтаныс адамдардың түрлі қызмет көрсетемін деген уәделеріне сеніп, ақшалай қаражатты бермеуге және мұндай жағдайларда олардың өкілеттігі мен ұсынылған ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеруге шақырады.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ұлттық домбыраны ұлықтаған полицейлер | 7 | 6 | 02-07-2026 |
| 2 | Рудныйда киберполицейлер алаяқтардың жоспарын бұзып, тұрғынның баспанасын сақтап қалды | 5 | 7 | 02-07-2026 |
| 3 | Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды | 2 | 6 | 02-07-2026 |
| 4 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 5 | Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 6 | Қызылордада жазасын өтеушілермен "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында кездесу өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 7 | Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді | 0 | 7 | 02-07-2026 |
| 8 | Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық рейд өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 9 | Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Ұлттық домбыра күні аталып өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 10 | Начальнику подразделения полиции в Барнауле предъявили обвинение во взяточничестве | 0 | 0 | 07-06-2019 |