Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстан Еуропадағы қылмыскерлерді іздеуге қатысты жаңа келісім жасасты

Дата публикации: 27-06-2026 14:46:00

Сапар аясында қазақстандық қадағалау органының басшысы Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті.


Основное содержимое страницы с новостью.

Сапар аясында қазақстандық қадағалау органының басшысы Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Люксембургке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық, қылмыстың өзекті түрлеріне, оның ішінде трансұлттық қылмысқа бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, активтерді іздестіру және қайтару мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Еуропалық прокуратура арасында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

"Аталған халықаралық құжат қазақстандық прокуратураның Еуропалық Одақ прокурорларымен тікелей өзара әрекеттесуінің құқықтық негізін қалыптастырады. Ол жедел ақпарат алмасуды, бірлескен тергеу топтарын құруды, қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздестіру, оларға тыйым салу және тәркілеу мәселелері бойынша өзара көмек көрсетуді қамтиды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Б.Асылов Люксембургтің Бас прокуроры Джон Петримен кездесу өткізді. Тараптар қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ прокурорлық қызметтің озық тәжірибелері мен тиімді практикаларын алмасу мәселелерін жан-жақты талқылады.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды0527-06-2026
2Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалар жолындағы жетістіктері туралы айтылды0526-06-2026
3 Комментарий к записи Бүгін ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барады (Назарова) 0510-02-2022
4Спикер Сената Казахстана проголосовала на выборах главы государства0009-06-2019
5Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды5728-06-2026
6Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасы Грекияда қолдау табуда0504-07-2026
7Вице-премьером Казахстана назначен Бердибек Сапарбаев0020-08-2019
8В Киргизии началась встреча глав правительств стран ЕАЭС0009-08-2019
9Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді0527-06-2026
10Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады0528-06-2026

Классификация: Информация. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.