Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасы Грекияда қолдау табуда

Дата публикации: 04-07-2026 09:37:00

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин «Global Water Partnership Mediterranean» ұйымының Атқарушы хатшысы Вангелис Константианоспен кездесті.


Основное содержимое страницы с новостью.

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин "Global Water Partnership Mediterranean" ұйымының Атқарушы хатшысы Вангелис Константианоспен кездесті.

Кездесу барысында су қауіпсіздігі, су ресурстарын орнықты басқару, климаттық орнықтылық, сондай-ақ Қазақстан, Грекия және Жерорта теңізі өңірі елдері арасындағы су саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның 2026 жылғы сәуірде Астанада өткен Орнықты даму жөніндегі өңірлік конференция барысында жарияланған бастамасына ерекше назар аударылды.

"Елші аталған бастама қолданыстағы халықаралық су бағдарламаларын шоғырландыруға, су ресурстарын жаһандық басқарудағы бытыраңқылықты азайтуға, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы үйлестіруді нығайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруі, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік сын-қатерлерін ескере отырып, халықаралық күн тәртібіндегі су қауіпсіздігінің рөлін арттыруға бағытталғанын атап өтті", – делінген хабарламада.

Тараптар су ресурстарын интеграцияланған басқару, құрғақшылыққа бейімделу, ауыл шаруашылығында суды орнықты пайдалану және өңірлік су ынтымақтастығы саласында елеулі тәжірибесі бар Грекиямен және Жерорта теңізі елдерімен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан бастамасын Грекияның сарапшылық ортасында ілгерілету мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасып, су қауіпсіздігі және су ресурстарын орнықты басқару саласындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша практикалық қадамдар белгіленді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстан пластикпен ластануға қарсы халықаралық келісім бойынша ұстанымын таныстырды0504-07-2026
2Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын0503-07-2026
3Қазақстан Еуропадағы қылмыскерлерді іздеуге қатысты жаңа келісім жасасты0527-06-2026
4Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық ірі компаниялардың басшыларымен инвестициялық жобаларды талқылады0504-07-2026
5Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды0527-06-2026
6Казахстан надеется на благоприятный итог переговоров по Украине0004-04-2025
7Туризмді дамыту тек жаңа қонақүйлер салумен немесе жол жөндеумен шектелмеуі керек0509-04-2026
8Касым-Жомарт Токаев вступил в должность президента Казахстана0020-03-2019
9МИД Турции вызвал посла Греции из-за инцидента в Эгейском море0011-03-2020
10МИД Греции осудил незаконное бурение Турции в территориальных водах Кипра0010-07-2019

Классификация: Пресс-релизы. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.