Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалар жолындағы жетістіктері туралы айтылды

Дата публикации: 26-06-2026 16:40:00

Томаш Здеховски пікірталасқа қатысушыларға мазмұнды пікір алмасқаны үшін алғыс айтты. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Томаш Здеховски пікірталасқа қатысушыларға мазмұнды пікір алмасқаны үшін алғыс айтты. 

Еуропарламент депутатының сөзінше, Еуропарламенттегі талқылау Қазақстанның реформаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еуропарламентте "Жаңа Қазақстан: Конституциялық референдумның қорытындылары және демократиялық жаңғыру жолы" атты пікірталас өтті. Жиында қатысушылар Қазақстандағы саяси реформаларды және Еуропалық одақпен алдағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Еуропарламент депутаты Томаш Здеховски Қазақстанның Орталық Азиядағы Еуропалық одақтың негізгі серіктестерінің бірі екенін айтып, бұл әріптестік тек экономикалық емес, стратегиялық және саяси тұрғыдан да маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропалық одақтың басты серіктестерінің біріне айналды. Бұл серіктестік экономикалық, стратегиялық және саяси бағыттарда нығайып келеді. Алайда шынайы әрі берік әріптестік тек экономикалық мүдделерге ғана негізделмейді. Қазақстан конституциялық реформалар мен саяси жаңғыру үдерісін жалғастырып жатқан кезде демократиялық басқару, заң үстемдігі, ашықтық және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы диалогты сақтау аса маңызды, – деді Томаш Здеховски.

Еуродепутаттың айтуынша, Еуропарламенттегі талқылау Қазақстанның реформаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін көрсетті. Дегенмен, алда атқарылатын жұмыстар әлі де бар. Ол Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту екі негізгі бағытқа сүйенуі тиіс екенін айтты. Олар – экономикалық әріптестікті нығайту және ортақ құндылықтарға негізделген өзара ықпалдастықты кеңейту.

Томаш Здеховски пікірталасқа қатысушыларға мазмұнды пікір алмасқаны үшін алғыс айтып, Еуропалық одақтың Қазақстанмен серіктестікті тереңдетуге, сондай-ақ тұрақтылық, өркендеу және демократиялық жаңғыру мәселелері бойынша ашық диалогты қолдауға дайын екенін растады.

Іс-шара барысында жарияланған мәліметке сәйкес, 2024 жылы Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы шамамен 45 млрд еуроға жеткен. Ал еуропалық инвестициялардың көлемі 54 млрд еуродан асты. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Еуроодақ елшісі: Брюссельде Тоқаев қатысқан кездесуде адам құқығы мәселесі қозғалды06.0603-07-2026
2Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады6725-06-2026
3Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды0527-06-2026
4Президент тапсырмасымен облыстық журналистерге алғаш рет пәтер кілті табысталады5725-06-2026
5Қазақстан Еуропадағы қылмыскерлерді іздеуге қатысты жаңа келісім жасасты0527-06-2026
6Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 0526-06-2026
7Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды0527-06-2026
8Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды5728-06-2026
9Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды0527-06-2026
10Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады0527-06-2026

Классификация: Политика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.