Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Дата публикации: 27-06-2026 13:59:00

Бүгін, 27 маусымда, Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай медиа саласының мамандарына баспана кілті салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.


Основное содержимое страницы с новостью.

Бүгін, 27 маусымда, Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай медиа саласының мамандарына баспана кілті салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, "Qazaqstan", "Хабар, "Еуразия", "КТК", "З1 арна" телеарналарының, "Қазақ газеттері" ЖШС, "Жас Алаш", "Время", "Қазақ әдебиеті", "Түркістан" басылымдарының және "Шалқар" радиосының қызметкерлеріне, барлығы 15 пәтер берілді.

"Dara" Президенттік бастамалар қоры ұйымдастырған іс-шараға Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров арнайы қатысып, алматылық әріптестерді жаңа қонысымен құттықтады.

– Өздеріңіз білесіздер, Президент отандық журналистиканың дамуына ұдайы көңіл бөледі. БАҚ қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел мен ұлт мүддесі үшін қызмет етіп жүрген журналистердің еңбегіне ерекше тоқталып өтіп: "Сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады", – деп айтқан еді. Осы тапсырмаға сәйкес, биыл алматылық әріптестеріміз де жоба игілігін көріп жатыр. Алматы – қазақ баспасөзінің қарашаңырағы. Көптеген дәстүрлі ақпарат құралдарының тарихы осы шаһардан бастау алады. Мемлекет басшысы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін әрқашан назарда ұстап отырады, – деді Айбек Смадияров.

Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер табысталады. Оның ішінде Астана қаласында – 15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.

Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын "Dara" Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.

Атап өтерлік жайт, өткен үш жылда Президент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі 0328-06-2026
2Президент тапсырмасымен облыстық журналистерге алғаш рет пәтер кілті табысталады5725-06-2026
3«Inbusiness.kz» сайтының тілшісі «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды0525-06-2026
4Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды0527-06-2026
5Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді0526-06-2026
6Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады6725-06-2026
7Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 0526-06-2026
8Астанада жолаушылары бар автобус өртенді0527-06-2026
9Жамбыл мен Түркістан облыстарында жер сілкінді0527-06-2026
10Ашық есік күні 30 қатерлі ісік дерегі анықталды0527-06-2026

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.