Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

«Мемлекеттік тіл» деген терминді «ресми тіл» деп ауыстыру керек

Дата публикации: 13-05-2026 11:58:00

Елімізде бір әлеуметтік лингвистикалық құбылыс байқалады: қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп заңдастырып қойып, билік пен зиялы қауым орыс тілін белсенді түрде қолдайды. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Елімізде бір әлеуметтік лингвистикалық құбылыс байқалады: қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп заңдастырып қойып, билік пен зиялы қауым орыс тілін белсенді түрде қолдайды. 

Осыған байланысты қоғамда ерекше субьмәдениеттің өкілдері – еуропаланған жастар мен өздерін "модернизацияланған" немесе дамыған деп санайтын халықтың қабаты пайда бола бастады. Мәдениеттердің бұлайша гибриттенуі халықты дамыған және артта қалғандар деп екі жікке жаруға әкелуі мүмкін.

Меніңше, біздің елде "мемлекеттік тіл" деген терминді "ресми тіл" деген терминмен ауыстыру керек (әлемдік тәжірибе солай). Өйткені "мемлекеттік тіл" деген – жасанды термин, ол міндетті түрде "ресми тіл" деген терминді қажет етіп тұрады. Біз конституцияға мың рет қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп жазғанмен, ол сонша рет "ресми тіл орыс тілі ме?" дегенді меңзеп тұрады. Сондықтан, Конституциядан бастап барлық құжатта "Қазақстанның ресми тілі – қазақ тілі" деп жазылуы керек. Сосын ресми тілді білу міндеттеледі. Ол міндеттелсе, оны оқыту өзінен-өзі қажеттілікке айналады. Сонда Қазақстанның ресми тілі – қазақ тілін жаппай оқытуға көшу туралы қаулы қабылданып, тұжырымдамалары жасалуы керек. Осы құжаттар негізінде балабақшада, бастауыш сыныпта, орта мектепте, колледждер мен жоғары оқу орындарында және елдің ересек тұрғындарына ресми тілді оқытудың жаңа стандарттары жасалуы қажет.

Тіл – прогресс пен дамудың маркері. Тіл маргиналданса, тілмен бірге автоматты түрде ұлттық әдебиет пен өнер де маргиналдануға ұшырайды.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақша сөйлеу «сәнді әрі тиімді» болған кезде, танымалдылық мәселесі өздігінен шешіледі5727-02-2026
2Жаңартылған Конституция – ғылым мен білімнің жаңа мүмкіндіктері5713-02-2026
3«Inbusiness.kz» сайтының тілшісі «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды0525-06-2026
4 Мамандық таңдағанда қазіргі трендке емес, еңбек нарығындағы сұраныс пен жеке қабілетке қарау керек 0501-06-2026
5Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры5716-06-2026
6Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады0527-06-2026
7В Qazaqstan произошёл скандал из-за спора о русском языке0521-06-2026
8Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді0527-06-2026
9Енді көлік жол апатында «112» қызметіне өзі қоңырау соғады0526-06-2026
10Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді0528-06-2026

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: -2. Информативность: 6. Источник: inbusiness.kz.