Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады

Дата публикации: 27-06-2026 08:33:00

Азық-түлік нарығындағы бағаны одан әрі тұрақтандыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар қосымша шара әзірледі. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Азық-түлік нарығындағы бағаны одан әрі тұрақтандыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар қосымша шара әзірледі. 

Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтің айтуынша, Бірыңғай үйлестірушінің басқаруымен бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктерін іске асыруды орталықтандырылған түрде үйлестіру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның маусымдық ауытқуларын бәсеңдету шарттары мен әдістерін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Цифрлық платформа базасында оператор құру көзделеді – бұл өнімді тікелей өндірушілерден егістік алқаптары мен қоймалардан сатып алуды, орталықтандырылған жабдықтауды және өнімді делдалдарсыз біркелкі бөлуді, нақты тауарлық нысаналы бағыттауды және маусымға қарамастан нарықты тұрақты, жоспарлы түрде қанықтыруды қамтамасыз етеді, бұл барлығы үшін ашықтықты, тұрақтылықты және әділ бағаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру құзыретін Ауыл шаруашылығы министрлігінен Сауда және интеграция министрлігіне беру жүзеге асырылуда. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтынудың индикативтік балансын енгізу ұсынылып отыр. Бұл қандай тауарлар бойынша қамтамасыз етілу тапшылығы бар екенін және тиісінше қандай тауарлар бойынша күшейтілген бақылау мен сауда заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі 0328-06-2026
2Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры5716-06-2026
3Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады0528-06-2026
4Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді0526-06-2026
5Президент: Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар!7626-06-2026
6 Мамандық таңдағанда қазіргі трендке емес, еңбек нарығындағы сұраныс пен жеке қабілетке қарау керек 0501-06-2026
7 Көп бизнес жасанды интеллектіні тренд үшін енгізіп жатыр0526-03-2026
878 миллион теңге негізсіз төленген: мектеп жөндеуіндегі заңбұзушылық әшкереленді0527-06-2026
9Ескі көлігіңізді лақтырып тастауға асықпаңыз, енді одан табыс табуға болады0527-06-2026
10«Мемлекеттік тіл» деген терминді «ресми тіл» деп ауыстыру керек-2613-05-2026

Классификация: Национальные проекты. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.