Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді

Дата публикации: 04-07-2026 10:06:00

Пойыз Сиань қаласынан 29 маусымда жолғашығып, мемлекеттік шекараны Қорғас станциясы арқылы кесіп өтті.


Основное содержимое страницы с новостью.

Пойыз Сиань қаласынан 29 маусымда жолғашығып, мемлекеттік шекараны Қорғас станциясы арқылы кесіп өтті.

Алматыға Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік теміржол қатынасын дамыту аясында ұйымдастырылған Сиань (ҚХР) – Алматы бағыты бойынша халықаралық туристік пойыз келді. Пойыз құрамында Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан аумағында жолаушылар сапарын "Жолаушылар тасымалы" АҚ жасақтаған пойыз құрамында жалғастырды. Қозғалыс ыңғайлылығы үшін маршруттың ерекшеліктері мен халықаралық қатынаспен түйісуін ескеретін арнайы кесте әзірленді.

Алматыда бірнеше күн болатын туристер қаланың мәдени және туристік әлеуетімен танысып, негізгі көрікті жерлерін аралап, экскурсиялық бағдарламаға қатысады.

Туристік пойыздың Алматыдан кері жөнелтілуі 6 шілдеге жоспарланған. Бұдан кейін туристер Қорғас станциясы арқылы Қытайға қайтады.

Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағымәдени байланыстарды нығайту және туристік ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып, теміржол туризмін дамытуға және Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған негізгі бастамалардың бірі болып табылады.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Туристы из Казахстана вылетели в Нур-Султан после двух суток ожидания в аэропорту Омска0020-03-2020
2 Бельгия мен Нидерландтың танымал басылымдары Қазақстан туризміне назар аударды0503-07-2026
3Павлодарда қызметтік иттердің көмегімен 129 қылмыс ашылды0503-07-2026
4Open Air концертіне байланысты «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі0504-07-2026
5Семейде құтқарушылар мас күйде суға түскен ер адамды құтқарды0504-07-2026
6В Киргизии спасатели эвакуировали с горного перевала туриста из Словакии0003-10-2019
7С уступа пика Строителей в горах в Кузбассе упал турист0011-03-2023
8В зоне отдыха Көл-Үкөк спасли 4 иностранных туристов0504-07-2026
9Граждане Китая начали покидать Приморский край на спецавтобусах0002-02-2020
10В АТОР сообщили, что российских организованных туристов в Киргизии нет0008-08-2019

Классификация: Урал. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.