Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Павлодарда қызметтік иттердің көмегімен 129 қылмыс ашылды

Дата публикации: 03-07-2026 15:25:00

Қызметке алынатын әрбір ит қатаң іріктеуден өтеді. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Павлодар облысы полиция департаментінің кинологиялық қызметі қылмыстың алдын алу мен оның бетін ашуда маңызды міндет атқарады. Қызметтік иттер қару-жарақ пен есірткіні анықтаумен қатар, күрделі қылмыстарды тергеуде де полиция қызметкерлерінің сенімді серігіне айналған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының бастығы Нияз Валиевтің мәліметінше, бүгінде орталықта 16 қызметтік-іздестіру иті бар. Олардың көмегімен 862-ден астам шақыртуға жедел ден қойылып, 129 қылмыс ашылған.

Қызметтік иттердің жоғары көрсеткіштері кинолог мамандарының күнделікті жүйелі еңбегінің нәтижесі. Иттер тұрақты түрде арнайы дайындықтан өтіп, иесінің әр бұйрығын нақты әрі жылдам орындауға үйретіледі. Жаттығулар бірнеше кезеңнен тұрады және қызмет барысында қажет болатын дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Әрбір ит белгілі бір бағытқа бейімделіп, арнайы кәсіби даярлықтан өтеді.

Өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен заңсыз айналымға жіберілмек болған екі келіге жуық есірткі заты тәркіленген.

"Полиция кинологының негізгі міндеті – қызметтік итті оқиға орнында және жедел-іздестіру іс-шараларында кез келген уақытта пайдалануға дайын ұстау. Бұл салаға жануарларды шын жақсы көретін адамдар ғана келеді. Еңбекқорлық, сабырлылық, жауапкершілік, бастамашылдық және ұқыптылық – кинолог пен қызметтік иттің үйлесімді жұмысының басты кепілі", – деді Нияз Валиев.

Кинологиялық қызмет орталығында қызметтік иттердің денсаулығы ветеринар мамандардың тұрақты бақылауында болады. Қызметке қабылданатын әрбір ит белгіленген талаптарға сай мұқият іріктеледі. Ал кинологтар оларды алдымен жалпы дайындық курсынан өткізіп, кейін іздестіру қызметіне қажетті арнайы машықтарға баулиды.

Қазіргі таңда Павлодар облысы полиция департаментінде қызметтік иттердің әлеуетін тиімді пайдалану және олардың кәсіби даярлығын жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл үшін кинологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және мамандардың жұмысын жетілдіруге қажетті жағдайлар жасалған.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1ҚазҰТБ-ның болашақ әскери мамандары алғашқы далалық тәжірибеден өтті0504-07-2026
2Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді0504-07-2026
3Семейде құтқарушылар мас күйде суға түскен ер адамды құтқарды0504-07-2026
4ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды0503-07-2026
523 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа бөлім ашылды0504-07-2026
6Среди зараженных коронавирусом в Нур-Султане есть четырехмесячный ребенок0021-03-2020
7Қазақстан Иранмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті0503-07-2026
8 Бельгия мен Нидерландтың танымал басылымдары Қазақстан туризміне назар аударды0503-07-2026
9В Казахстане госслужащим запретили зарубежные командировки0013-03-2020
10«Аттракциондағы апат»: Қызылордадағы саябақ тергеу аяқталғанша жабық тұрады-2603-07-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.