Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Бельгия мен Нидерландтың танымал басылымдары Қазақстан туризміне назар аударды

Дата публикации: 03-07-2026 16:50:00

Шетел басылымдарында Қазақстан туризмі туралы мақалалар жарық көрді.


Основное содержимое страницы с новостью.

Шетел басылымдарында Қазақстан туризмі туралы мақалалар жарық көрді.

Биылғы мамыр айында Kazakh Tourism, Visit Astana және Accor компанияларының қолдауымен Бельгия мен Нидерландтың жетекші туристік басылымдары – Reishonger және Reisgoesting журналдарының журналисі Астанаға баспасөз турымен келді. Сапар нәтижесінде елорда туралы үш мақала жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарияланған материалдарда Қазақстанның заманауи сәулеті мен ұлттық мәдени мұрасының үйлесімі кеңінен сипатталған. Журналист Ұлттық музейді аралап, "Тамыр" этноорталығында болып, "Ұлы Дала Мұрасы" балет қойылымын тамашалады. Сонымен қатар жергілікті базарды, Орталық мешітті және Астананың өзге де көрікті орындарын көрді. Автордың айтуынша, заманауи мегаполистің өзінде көшпенділердің мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары мен тағамдары бүгінге дейін сақталған.

"Астанада заманауи ғимараттардың арасында өз дәстүрін ерекше құрметтеп сақтап отырған қоғамды көрдім", – деп әсерімен бөлісті журналист.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Қазақстандағы қонақ үйлер мен демалыс орындары Бельгиядан келген 5032, ал Нидерландтан келген 6308 туристке қызмет көрсеткен. Бұған дейін де Маңғыстау облысы мен Астанаға осы елдердің Porschist, Papillio және Travel Book секілді танымал туристік басылымдарының өкілдері арнайы сапарлаған.

Сондай-ақ 2026 жылдың наурыз айында Kazakh Tourism Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігімен бірлесіп Брюссельде роуд-шоу ұйымдастырды. Іс-шара барысында қазақстандық туроператорлар шетелдік әріптестеріне еліміздің туристік бағыттары мен мүмкіндіктерін таныстырды.

Мамандардың пікірінше, шетелдік БАҚ-пен, блогерлермен және туризм саласының өкілдерімен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс Қазақстанның Еуропадағы туристік имиджін нығайтып, елімізге деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Баянауыл ауданында инвесторларға туризм саласындағы жобалар таныстырылды0504-07-2026
2Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді0504-07-2026
3Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын0503-07-2026
4«Аттракциондағы апат»: Қызылордадағы саябақ тергеу аяқталғанша жабық тұрады-2603-07-2026
5Қазақстан Иранмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті0503-07-2026
6Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық ірі компаниялардың басшыларымен инвестициялық жобаларды талқылады0504-07-2026
7Казахстан ограничил использование внутренних паспортов для граждан РФ при въезде в страну0013-03-2020
8Қазақстандық балуандар күрес түрлерінен Венгриядағы рейтингтік турнирде бақ сынайды0504-07-2026
9Сауда құлдырады: қазақстандықтар жаппай ақша үнемдей бастады-2504-07-2026
10Туристы из Казахстана вылетели в Нур-Султан после двух суток ожидания в аэропорту Омска0020-03-2020

Классификация: Пресс-релизы. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.