Айбек Дәдебай әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.
Айбек Дәдебай әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.
"Әділет" партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР мемлекеттік және саяси қайраткері, "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлауға нақты бағдарламамен, кәсіби командамен және азаматтар алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып қатысатынын айтты.
"Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық институттарды одан әрі нығайтудың маңызды кезеңі деп санаймыз. Партиямыз сайлауға нақты бағдарламамен, кәсіби командамен және азаматтар алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып қатысады. Бағдарламамыз әділдік, заң үстемдігі, жауапкершілік, патриотизм және даму құндылықтарына негізделген. Біз заң талаптарын қатаң сақтай отырып, азаматтардың еркін таңдау құқығын құрметтейтін адал, ашық әрі бәсекеге толы саяси додаға дайынбыз", – деді Дәдебай.
Сонымен қатар, ол партияның басты мақсаттарына тоқталды.
"Басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды нығайтуға бағытталған нақты бастамаларды жүзеге асыру үшін қоғамның сеніміне ие болу. Ашық саяси бәсеке, қоғам алдындағы жауапкершілік және Конституцияға құрмет – еліміздің табысты дамуының басты кепілі екеніне сенімдімін. Біз бұл жауапты іске әзірміз әрі оның нәтижесі үшін жауапкершілік алуға дайынбыз. Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!" – деп түйіндеді партия төрағасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Партия «Әділет» утвердила предвыборную программу | 0 | 7 | 10-07-2026 |
| 2 | Сауда құлдырады: қазақстандықтар жаппай ақша үнемдей бастады | -2 | 5 | 04-07-2026 |
| 3 | Қазақстан пластикпен ластануға қарсы халықаралық келісім бойынша ұстанымын таныстырды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 4 | 23 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа бөлім ашылды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 5 | Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық ірі компаниялардың басшыларымен инвестициялық жобаларды талқылады | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 6 | Қазақстандық футболшыларға жол ашқым келеді – Дастан Сәтпаев | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 7 | Мемлекет басшысы Трампты АҚШ тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 8 | Назарбаев передаст Токаеву полномочия председателя правящей партии Казахстана | 0 | 0 | 23-11-2021 |
| 9 | Назарбаев предложил кандидатуру Аскара Мамина на должность премьер-министра Казахстана | 0 | 0 | 25-02-2019 |
| 10 | Токаев выдвинул кандидатуру Дариги Назарбаевой на должность председателя Сената | 0 | 0 | 02-09-2019 |