Кездесуге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты.
2026 жылғы 30 маусым мен 3 шілде аралығында Кенияның Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесінде пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі халықаралық заңды күші бар келісімді әзірлеу мақсатында құрылған Үкіметаралық келіссөздер комитетіне қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларының бейресми кездесуі өтті.
Делегация болашақ халықаралық келісімнің негізгі бағыттары бойынша еліміздің ұстанымдарын ұсынып, мемлекеттердің көзқарастарын жақындастырудың ықтимал жолдарын талқылауға белсенді қатысты.
Аталған кездесу биылғы ақпан айында сайланған Үкіметаралық келіссөздер комитетінің төрағасы ұсынған жаңа жұмыс форматына байланысты ерекше маңызға ие болды. Дәстүрлі келіссөздерден айырмашылығы, пікірталастар бейресми форматта ұйымдастырылып, құжат мәтінін келісуге емес, пікір алмасуға, мемлекеттердің ұстанымдарындағы ортақ тұстарды айқындауға және болашақ келісімнің ең күрделі мәселелері бойынша өзара тиімді ымыралы шешімдер іздеуге бағытталды.
Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттердің ұсыныстары мен ұстанымдарын жинақтайтын анықтамалық құжат әзірленеді. Бұл құжат 2026 жылғы қыркүйекте өтетін бейресми консультацияларға, сондай-ақ алдын ала 2027 жылғы наурызға жоспарланған Үкіметаралық келіссөздер комитетінің қайта жалғасатын бесінші сессасына (ҮКК-5.2) дайындықтың негізі болады.
Қазақстан пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі тиімді әрі теңгерімді халықаралық келісімді әзірлеу мақсатындағы келіссөздер процесіне белсенді қатысуын жалғастырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 2 | Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасы Грекияда қолдау табуда | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 3 | Экологияға қиянат жасаған компанияларды жаппай жазалау басталды | 5 | 7 | 04-07-2026 |
| 4 | Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 5 | Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық ірі компаниялардың басшыларымен инвестициялық жобаларды талқылады | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 6 | Қазақстан Иранмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 7 | Казахстан надеется на благоприятный итог переговоров по Украине | 0 | 0 | 04-04-2025 |
| 8 | Казахстан привержен расширению партнерства среди стран Центральной Азии | 0 | 0 | 29-09-2018 |
| 9 | Қазақстан мен Әзербайжан халықаралық серіктестікті кеңейтпек | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 10 | «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді | 0 | 5 | 03-07-2026 |