Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары баяндалды.
Аида Балаева заңнаманы жаңа Ата заңға сәйкестендіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті ілгерілету, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Сондай-ақ жаңа білім, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық нысандарын құру, дәстүрлі өнерді қолдау мен білікті маман даярлау бағыттарында еліміздің мәдени инфрақұрылымын жандандыру жөніндегі ұсыныстарды жеткізді.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Атап айтқанда, білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын өркендету жайында әңгімеледі.
Ведомствоаралық ықпалдастықты күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және әлеуметтік сала инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше мән берілді.
Президент мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі | 0 | 3 | 28-06-2026 |
| 2 | Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 3 | Глава государства принял Аиду Балаеву | 0 | 7 | 03-07-2026 |
| 4 | Президент тапсырмасымен облыстық журналистерге алғаш рет пәтер кілті табысталады | 5 | 7 | 25-06-2026 |
| 5 | Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды | 0 | 5 | 26-06-2026 |
| 6 | Токаев поручил генпрокурору Казахстана обеспечить законность расследования беспорядков | 0 | 0 | 10-02-2020 |
| 7 | Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық ірі компаниялардың басшыларымен инвестициялық жобаларды талқылады | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 8 | Экономикалық табыстарға негізінен саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп отырмыз – Президент | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 9 | ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 10 | Токаев поручил наказать сотрудников госорганов, допустивших беспорядки в Казахстане | 0 | 0 | 09-02-2020 |