Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 66 журналистке баспана берілетінін, оның ішінде өңір тілшілеріне де қолдау көрсетілетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 66 журналистке баспана берілетінін, оның ішінде өңір тілшілеріне де қолдау көрсетілетінін айтты.
Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысы журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет еткенін атап өтті.
– Олар халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, халықты білім мен ғылымға шақырды. Сіздер де аға буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келесіздер. Баршаңызға тағы да зор алғыс айтамын. Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Әсіресе, сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Жалпы, биылдың өзінде бүкіл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі. Бәріңізге құтты болсын деймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады | 6 | 7 | 25-06-2026 |
| 2 | Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды | 0 | 5 | 26-06-2026 |
| 3 | Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 4 | Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі | 0 | 3 | 28-06-2026 |
| 5 | Президент Аида Балаеваға мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуді тапсырды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 6 | Президент: Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! | 7 | 6 | 26-06-2026 |
| 7 | Мемлекет басшысы Трампты АҚШ тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 8 | Президент Казахстана провел первое заседание Нацсовета общественного доверия | 0 | 0 | 06-09-2019 |
| 9 | Президент Казахстана наградил Игоря Крутого орденом Дружбы | 0 | 0 | 03-07-2019 |
| 10 | У Казахстане абнулілі тэрмін прэзідэнцтва Такаева | 0 | 5 | 07-07-2026 |