Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі

Дата публикации: 28-06-2026 04:00:00

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. 


Основное содержимое страницы с новостью.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. 

"Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке журналистиканың қоғамдағы айрықша орны мен ел дамуына қосқан үлесін айшықтайтын атаулы күн.

Жаңа технологиялар, әлеуметтік желілер, жасанды интеллект, дипфейктер мен толассыз ақпарат ағыны сала мамандарына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Алайда кәсіби журналистиканың басты қағидаттары өзгермейді. Олар – аудитория сенімі, қоғам алдындағы адалдық және жарияланған әрбір ақпаратқа деген жауапкершілік.

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуде: "Қалам елді түзейді", – деген болатын. Бұл сөз журналист мамандығының мәні мен қоғам алдындағы жауапкершілігін терең аңғартады. Өйткені қалам қуаты елді ұйыстыруға, ақиқатты жеткізуге, қоғамға бағыт-бағдар беруге және оң өзгерістерге жол ашуға қызмет етеді.

Биыл еліміз үшін тарихи маңызы зор жаңа кезең басталады. 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Бұл құжат заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ата Заңдағы өзгерістер медиа саласының рөлін одан әрі арттыра түседі. Конституцияда сөз бостандығына, азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығына, дербес деректерді қорғауға және ақпарат таратудағы жауапкершілікке қатысты маңызды қағидаттар бекітілген. Бұл кәсіби журналистиканың сапалы дамуына тың серпін береді.

Конституциялық реформаның мазмұны мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруде бұқаралық ақпарат құралдарының еңбегі ерекше болды. Сіздердің кәсіби қызметтеріңіздің арқасында азаматтар жаңалықтардан хабардар болып қана қоймай, реформаның түпкі мақсаты мен мәнін терең түсінуге мүмкіндік алды. Сараптамалық мақалалар, пікірталастар, тікелей эфирлер мен арнайы бағдарламалар қоғамға өзгерістер туралы жан-жақты әрі шынайы ақпарат ұсынды.

Жалған ақпарат пен бұрмаланған мәлімет көбейген қазіргі кезеңде кәсіби журналистиканың басты міндеті – жұртшылыққа анық, дәйекті және тексерілген ақпарат жеткізу, сапалы сараптама арқылы қоғамдық пікірдің дұрыс қалыптасуына ықпал ету.

Мемлекет ақпарат саласы қызметкерлерін қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Кейінгі үш жылда Астанада 200 журналист баспанамен қамтылды. Биыл еліміздің барлық өңірінен, соның ішінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының 66 қызметкеріне пәтер кілті табысталады.

Сіздерге күнделікті табанды еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз және мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында мемлекет қолға алған бастамалар мен маңызды шешімдердің мәні көпшілікке кеңінен түсіндіріліп, қоғам мен билік арасындағы сенім нығая түсуде.

Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толайым табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!", – деді министр. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды0527-06-2026
2Президент Аида Балаеваға мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуді тапсырды0503-07-2026
3Президент тапсырмасымен облыстық журналистерге алғаш рет пәтер кілті табысталады5725-06-2026
4Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 0526-06-2026
5Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді0526-06-2026
6В Казахстане опровергли задержание главы МИД страны0004-09-2025
7Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады6725-06-2026
8Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады0527-06-2026
9«Inbusiness.kz» сайтының тілшісі «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды0525-06-2026
10Баланың сөзін бөлмеу де маңызды саналады0507-04-2026

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 3. Источник: inbusiness.kz.