Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Дата публикации: 26-06-2026 17:00:00

 БАҚ қызметкерлеріне пәтер беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. 


Основное содержимое страницы с новостью.

 БАҚ қызметкерлеріне пәтер беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. 

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Dara" Президенттік бастамалар қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров медиа мамандарын мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасымен БАҚ қызметкерлеріне пәтер беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

"Бұл игі жобаның биылғы ерекшелігі – пәтерлер Астанада ғана емес, Алматыда, сонымен қатар еліміздің барлық облысында да берілетін болды. Мұндағы мақсат – өңірлік журналистиканы дамыту және әріптестерді әлеуметтік тұрғыда қолдау. Мереке қарсаңында облыстық ақпарат құралдарының қызметкерлері,  сондай-ақ республикалық БАҚ-тардың жергілікті тілшілері қоныс тойын тойлағалы жатыр. Тіпті орталықтан шалғай елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, бұл жолы Қостанай облысының Арқалық қаласында және Түркістан облысының Созақ ауданында тұратын әріптестеріміз үйлі болмақ", – деді А.Смадияров.

Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер беріледі. Оның ішінде Астана қаласында – 15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.

Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын "Dara" Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы,  жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.

Атап өтерлік жайт, өткен үш жылда Президент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды0527-06-2026
2Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі 0328-06-2026
3Астанада Мұқанов пен Баршын көшелері ішінара жабылады0527-06-2026
4Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады0528-06-2026
5Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады0527-06-2026
6Астанада жолаушылары бар автобус өртенді0527-06-2026
7Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 0526-06-2026
8Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды0527-06-2026
9Қонаевта жүрек ауруларын емдейтін жаңа орталық ашылды7727-06-2026
10 Мамандық таңдағанда қазіргі трендке емес, еңбек нарығындағы сұраныс пен жеке қабілетке қарау керек 0501-06-2026

Классификация: Национальные проекты. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.