Абай облысында жүргізілген кәсіби тергеу жұмыстарының нәтижесінде Мақаншы ауданының тұрғыны интернет алаяқтар иемденген қаражатын толықтай қайтарып алды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Бұған қоса, күдіктілер келтірілген материалдық шығыннан да артық қаражатты өз еріктерімен өтеп, бұл олардың "алғашқы әрі соңғы қылмысы" болғанын мәлімдеді. Алаяқтардың құрбаны болған – Мақаншы ауданының 33 жастағы тұрғыны. Белгісіз тұлғалар өздерін Халыққа қызмет […]
Абай облысында жүргізілген кәсіби тергеу жұмыстарының нәтижесінде Мақаншы ауданының тұрғыны интернет алаяқтар иемденген қаражатын толықтай қайтарып алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған қоса, күдіктілер келтірілген материалдық шығыннан да артық қаражатты өз еріктерімен өтеп, бұл олардың "алғашқы әрі соңғы қылмысы" болғанын мәлімдеді.
Алаяқтардың құрбаны болған – Мақаншы ауданының 33 жастағы тұрғыны. Белгісіз тұлғалар өздерін Халыққа қызмет көрсету орталығы мен банк қызметкерлері ретінде таныстырып, оның атына несие рәсімделіп жатқанын айтқан. Жалған құжаттарды көрсетіп, психологиялық қысым жасап және "қауіпсіз шот" туралы жалған ақпаратты пайдалану арқылы олар әйелді екі банктің мобильді қосымшасы арқылы 2 млн 650 мың теңгені өздерінің есепшоттарына аударуға көндірген.
Бірнеше күннен кейін жәбірленуші алаяқтардың арбауына түскенін түсініп, полицияға жүгінді.
Қылмыстық істі тергеу Мақаншы аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Гүлмира Сәрсембаеваның тікелей бақылауында болды. Қысқа уақыт ішінде цифрлық іздер зерттеліп, ақша қозғалысына жан-жақты талдау жүргізілді және қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталды. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Астана қаласында алаяқтық схемаға қатысы бар азаматтар ұсталды.
Өз әрекеттері үшін жауапкершіліктің сөзсіз екенін түсінген күдіктілер келтірілген шығынды өз еріктерімен өтеуге шешім қабылдады. Олар жәбірленушіге ұрланған 2 млн 650 мың теңгені толық қайтарып теңге төледі. Кінәлілердің айтуынша, бұл олардың алғашқы әрі соңғы қылмысы болған. Олар жасаған ісіне шынайы өкініш білдіріп, бұдан былай заңға қайшы әрекеттерге бармайтындарын жеткізді.
Тергеушілердің талапшыл ұстанымы мен полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысының арқасында жәбірленушінің мүліктік құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Мақаншы ауданының тұрғыны полиция қызметкерлеріне жеделдігі, кәсібилігі және келтірілген шығынды қайтаруға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Полиция азаматтарға "қауіпсіз шот" деген ұғымның жоқ екенін тағы да ескертеді. Банктердің, құқық қорғау органдарының және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ешқашан ақшаны "сақтап қалу" немесе "қорғау" мақсатында басқа есепшотқа аударуды талап етпейді. Осындай қоңырау немесе хабарлама түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, банкке өзіңіз хабарласыңыз немесе полицияға жүгініңіз.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 2 | Рудныйда киберполицейлер алаяқтардың жоспарын бұзып, тұрғынның баспанасын сақтап қалды | 5 | 7 | 02-07-2026 |
| 3 | Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 4 | Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді | 0 | 7 | 02-07-2026 |
| 5 | Ұлттық домбыраны ұлықтаған полицейлер | 7 | 6 | 02-07-2026 |
| 6 | Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 7 | Қызылордада жазасын өтеушілермен "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында кездесу өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 8 | Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 9 | Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық рейд өтті | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 10 | Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның мәйіті 9 шақырым қашықтықтан табылды | 0 | 5 | 27-06-2026 |