Кәдеге жарату алымының ережелері түбегейлі өзгеруде, ескі машиналар үшін қомақты жеңілдіктер ұсынылады.
Кәдеге жарату алымының ережелері түбегейлі өзгеруде, ескі машиналар үшін қомақты жеңілдіктер ұсынылады.
Қазақстандық автокөлік иелері үшін тиімді мүмкіндік пайда болды. Енді тозығы жеткен көліктерді айдалаға апарып, жай тастай салмай, оларды жаңа көлік сатып алу кезінде салмақты жеңілдікке айырбастауға болады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағасбаев пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2026 жылғы 17 маусымда қол қойған бірлескен бұйрық елдегі автонарыққа серпіліс әкелуді мақсат тұтады. Бұл құжат "Қазақстанда экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын және олардың құрамдастарын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын" өзгертті.
Бұл реформаның басты мәнісі – кәдеге жаратуға өткізілген көлік үшін берілетін жеңілдік сертификаттарының тәртібін қайта құруында. Жаңа қағидалар 2026 жылғы 18 тамызда, яғни, алғашқы ресми жарияланған күнінен тура 60 күнтізбелік күн өткен соң заңды күшіне еніп, автонарыққа ықпал ете бастайды.
Жеңілдік тетігі қалай жұмыс істейді?
Бәрі де жүйеленген. Құжаттың талабына сәйкес, отандық өндірушілер айына 2 рет операторға арнайы өтінім жолдап отырады. Бұл өтінімдер көлік құрастыру кәсіпорындарының Қазақстан аумағында жасаған экологиялық таза автомобилін немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өткізу барысында сатып алушыларға өз есебінен ұсынған жеңілдіктерін мемлекет тарапынан қайта қаржыландырып, өтемақы алу үшін қажет.
Ал, жеңілдіктің өзі кәдеге жаратылған көлік үшін берілетін арнайы сертификат түрінде рәсімделеді. Ондағы сома тек теңгемен көрсетіледі. Бірақ қағидаларда соңғы сатып алушыға берілетін жеңілдікті есептеудің нақты формуласы көрсетілмеген.
Жеңілдік сертификатын пайдаланудың қатаң шарттарын біле жүріңіз:
"ҚР аумағында өндірілген экологиялық таза автомобиль көлік құралын және (немесе) экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік бір сатып алынатын автомобиль көлік құралына бір бірлігіне екіден аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігіне төрттен аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша жинақталады", – деп нақтыланған қағидаларда.
Жеңілдік мөлшері қалай анықталады?
Азаматтардың қолдарына көптен күткен сертификат тимес бұрын, мемлекеттік машина мен оператор алдағы әрбір жылға арналған тарифтерді бекітудің мынадай көп сатылы, күрделі алгоритмін жүзеге асыруға тиіс:
Міне, тек осы ұзақ тізбек толық аяқталғаннан кейін ғана ескі машинасымен қоштасып, кәдеге жаратуға өткізетін қарапайым қазақстандықтар өз қолына нақты жеңілдік сертификаттарын ала бастайды.
Утильалымның екінші тынысы: ескі-құсқы көліктерді өткізу қағидалары жаңартылды
"Жасыл даму" АҚ ескі көліктерді кәдеге жарату (утилизациялау) бағдарламасын ресми түрде қайта іске қосып, оған жаңа дем берді. Өз ауласындағы немесе гаражындағы темір-терсек көне машинасынан құтылғысы келетін кез келген жанға бұл бағдарламаға қатысуына жол ашық.
Ең бастысы – енді қазақстандықтар үшін тек жеңілдік сертификаттары ғана емес, сонымен бірге ескі машинасының орнына тікелей банктік шотына түсетін нақты ақша алудың бірегей баламасы пайда болды.
"Темір тұлпарыңызды" кәдеге жаратуға өткізгенде сізге мемлекет тарапынан өтемақының екі бірдей нұсқасының біреуін таңдау ұсынылады:
Бірақ ақшалай төлемнен айырмашылығы, мұнда екі бірдей "гәпті" ескерген маңызды. Біріншіден, бұл сертификатты тек Қазақстанның өз зауыттарында құрастырылған және тек салондарда сатылатын жаңа экологиялық таза автомобильдер мен арнайы техникаларды сатып алуға жұмсай аласыз. Қолдан не ескісін сатып алуға жарамайды.
Екіншіден, автокөлік иелерінің осы жеңілдікті іске жаратуына тура 12 ай ғана уақыт беріледі. Осы мерзімде пайдаланып үлгермесеңіз, қолыңыздағы сертификат ештеңеге жарамсыз болып қалады.
Бұл ауқымды бағдарлама аясында жеңіл автомобильдерді ғана емес, алып жүк көліктерін, автобустарды, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын – тракторлар мен комбайндарды өткізуге болады. Утилизацияланатын машинаңыздың шыққан жылының немесе жасының ешқандай маңызы жоқ. Алайда оның техникалық күйіне қойылатын талап өте қатал.
Ең жоғарғы соманы немесе максималды номиналдағы сертификатты алу үшін автомобиль толық жиынтықта болуы шарт: оның шанағы (кузов), барлық есіктері, қозғалтқышы, беріліс қорабы (КПП), радиаторы, капоты, багажының қақпағы, қанаттары, доңғалақтары, аккумуляторы, сұйықтықтарға арналған бактары мен пайдаланылған газды шығару жүйесінің бүкіл элементтері өз орнында тұруға тиіс.
Кәдеге жаратылатын машинаның бөлшектері неғұрлым аз болса, қабылдау пунктінде оның құны да соғұрлым төмендеп, арзанға бағаланатынын қаперіңізде ұстаңыз.
2026 жылы Қазақстанда автомобильдерді утилизациялау үдерісі Көлік құралдарын кәдеге жаратудың арнайы мемлекеттік жүйесі аясында жұмыс істейтін уәкілетті қабылдау пункттері арқылы жүргізіледі.
Сондықтан көлік иесі төл машинасын қабылдау пунктіне өз күшімен жеткізуге міндетті: оны өздері алып кетпейді. Пунктте көлік иесі көлікті кәдеге жаратуға қабылдау туралы өтінішті толтыруы және "темір тұлпарының" тиісті құжаттар пакетін өткізуі керек.
Көлік қабылданған соң кәдеге жарату актісі ресімделеді. Осы ресми құжаттың негізінде автомобиль немесе ауыл шаруашылығы техникасы ІІМ органдарындағы тіркеу есебінен біржола шығарылады, деп нақтылады "МЦФЭР-Главбух" сарапшылары.
Қабылдау пунктіне әкелінген ескі автомобильдің бағасына сол кездегі метал сынықтарының нарықтық құны да әсер етеді. Осындай бағалаудан өткен соң машина бөлшектер мен материалдарға жіктеліп ажыратылады.
Көліктің темір қаңқасы мен басқа да металл элементтері балқыту зауытына жөнелтіледі. Осы үдерістер аяқталғаннан кейін иесінің шотына ақша аударылады немесе қолына сертификат ұстатылады.
Утильалым экономикасы
Бұл жүйенің қаржылық ауқымы мен айналымы еріксіз таңғалдырады: тек соңғы 4 жылдың ішінде ғана Қазақстан кәдеге жарату алымы есебінен бизнес пен бұқарадан 1,13 триллион теңгеден астам қаражат жинаған.
2026 жылы елде утильалымның қайта қаралған, кей жағдайда екі есеге дейін өскен жаңа көрсеткіштері бекітілді. Бұл алымның қымбаттауына АЕК көлемінің өсуі де ықпал етті.
Жалпы, мемлекет жыл сайын бұл алымның мөлшерлемелерін тұрақты түрде индекстеп, көтеріп отырады: олар орта есеппен 15-20%-ға өседі.
Дегенмен, нақты төлейтін утильалым сомасы көліктің шыққан жылы мен оның қозғалтқыш көлеміне тікелей тәуелді: техника неғұрлым ескі әрі қозғалтқышы қуатты болған сайын, оны заңдастырып рәсімдеу қалтаңызды соғұрлым қатты қағады.
Ағымдағы 2026 жылы кәдеге жарату алымының базалық мөлшерлемесі 50 АЕК болып бекітілді. Бұған әртүрлі коэффициенттер қосылады. Салдарынан, қозғалтқышының көлемі 2 литрге дейінгі бензинді автокөлік үшін иесі шамамен 756 мың теңге төлеуге мәжбүр.
Ал, егер моторының көлемі 3 литрден асып кетсе, бұл сома бірден шарықтап, 2,4 миллион теңгеден асып жығылады. Мұнда жалғыз ғана экологиялық таза электромобильдер үшін жеңілдік жасалды: олар бұл алымды төлеуден заң жүзінде толық босатылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | За что букс Btcclicks.com платит bitcoin? | 0 | 5 | 11-12-2025 |
| 2 | Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 3 | Мамандық таңдағанда қазіргі трендке емес, еңбек нарығындағы сұраныс пен жеке қабілетке қарау керек | 0 | 5 | 01-06-2026 |
| 4 | Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 5 | Қонаевта жүрек ауруларын емдейтін жаңа орталық ашылды | 7 | 7 | 27-06-2026 |
| 6 | Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 7 | Астанада жолаушылары бар автобус өртенді | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 8 | Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның мәйіті 9 шақырым қашықтықтан табылды | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 9 | Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысы уақытша жабылады | 0 | 5 | 28-06-2026 |
| 10 | "Акәты ззырымшьуа, ашԥы деилаҳауан": акәытқәа ирыхҳәаау ажәаԥҟақәеи ажәлар разгәаҭарақәеи | 0 | 5 | 27-06-2026 |