Тұтас жұртымыздың арман-мұратын тоғыстырған Ата заң, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды.
Тұтас жұртымыздың арман-мұратын тоғыстырған Ата заң, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды.
Мемлекет басшысы "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.
"Айбын-2026" бағдарламасына әскери-спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар енді. Биылғы жиын Қазақстанның бірнеше аймағынан, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам команданың басын қосты.
Мемлекет басшысы бұл өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін атап өтті.
– Байрақты бәсекеде еліміздің ең мықты, ең жігерлі жас сарбаздары лайықты өнер көрсетті. Сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген достас, бауырлас мемлекеттердің жастары бақ сынады. Бүгін мен бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Дүбірлі дода еліміз үшін шын мәнінде аса маңызды кезеңде өтіп жатыр. Наурыз айында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл – мемлекетіміздің келешегін айқындайтын, ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұтас жұртымыздың арман-мұратын тоғыстырған Ата заң, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды. Кез келген елдің болашағы – өздеріңіз секілді отаншыл, білімді, еңбекқор, жасампаз және батыл жастардың қолында. Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! Мен сіздерге зор үміт артамын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстан жоғары технологиялық экономика құрған елге айнала алады | 0 | 5 | 26-03-2026 |
| 2 | Президент тапсырмасымен облыстық журналистерге алғаш рет пәтер кілті табысталады | 5 | 7 | 25-06-2026 |
| 3 | Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры | 5 | 7 | 16-06-2026 |
| 4 | Қазақша сөйлеу «сәнді әрі тиімді» болған кезде, танымалдылық мәселесі өздігінен шешіледі | 5 | 7 | 27-02-2026 |
| 5 | Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады | 6 | 7 | 25-06-2026 |
| 6 | Жаңартылған Конституция – ғылым мен білімнің жаңа мүмкіндіктері | 5 | 7 | 13-02-2026 |
| 7 | Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін цифрлық платформа іске қосылады | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 8 | Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 9 | Президент поздравил казахстанцев с Днем столицы | 5 | 3 | 06-07-2026 |
| 10 | Комментарий к записи Бүгін ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барады (Назарова) | 0 | 5 | 10-02-2022 |