Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Баланың сөзін бөлмеу де маңызды саналады

Дата публикации: 07-04-2026 08:05:00

Қоғамда «суицид туралы айтуға, сұрауға болмайды» деген стереотип бар. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Бірақ осы стигманы бұза отырып, баламен ашық сөйлесу, қорықпай сұрау – өте маңызды.

Көп адам "суицид туралы сұрасам, баланы соған итермелеймін" деп ойлайды. Маман ретінде айтарым, бұл – қате пікір. Керісінше, дер кезінде қойылған ашық сұрақ баланың өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін.

Жасөспірімдермен жұмыс тәжірибесінде байқалғандай, балаға ашық сұрақ қойылған кезде, ол ішіндегі ауыр сезімін сыртқа шығарып, көмек алуға мүмкіндік табады.

Енді оны қалай айту керек? "Мен сенің соңғы кезде қатты қиналып жүргеніңді байқап жүрмін", "Сенде өмір сүргің келмейтін сәттер бола ма?", "Өзіңе қол жұмсау туралы ойладың ба?" деген секілді сұрақтарды ашық қою баланың өмірін сақтауға көмектеседі. 

Бұл жердегі негізгі мақсат – баланың ішіндегі ауыр сезімін, мәселесін сыртқа шығару, мәселесін айтуына мүмкіндік беру және сол арқылы көмек алуға алғашқы қадам жасау. 

Баланың сөзін бөлмеу де маңызды саналады. Жалпы, жасөспіріммен сөйлесу барысында осы қағидаға ерекше мән беру керек. Бала өз мәселесін айтқанда оның сезімдерін құнсыздандырмаған жөн. Өкініштісі сол, кейде мынадай сөздер айтылып жатады: "Қоя ғой, бәрі жақсы болады", "Бұл да өтеді", "Сен неге бұған бола уайымдайсың?", "Сенен де қиын жағдайда жүрген адамдар бар", "Осыған бола сондай шешім қабылдайсың ба?", "Ата-анаңды ойламадың ба?". Осындай сөздерді естіген жасөспірімдер, менің тәжірибемде керісінше, одан әрі тұйықталып, ештеңе айтқысы келмей қалады.

Сондықтан, дұрыс сөйлесу керек. Мен мынадай тәсілді қолданамын. "Саған шынымен де қиын екен, егер сенің орныңда мен болсам, не істерімді білмей отырмын?" деп айтамын. Осындай сөздер жасөспірімге шынайы әсер етеді. Өйткені, бұл – оның мәселесін мойындау. Сонымен қатар, "Мен сені толық түсініп отырмын" деп айтпаймын. Оның орнына "Мен сені түсінуге тырысып жатырмын" деп айтамын. Себебі, қазіргі жасөспірімдер өте сезімтал, олар бәрін байқайды. Кейде "Сіз мені қалай түсініп отырсыз?", "Сіз осындай жағдайды бастан өткердіңіз бе?" деп кері сұрақ қояды.

Сондай-ақ, балаға алғыс білдірудің де маңызы бар. Мысалы, "Өзіңнің мәселеңді менімен бөліскенің үшін рақмет!", "Мен саған көмектескім келеді", "Сен сияқты жағдайдағы балаларға көмектескен тәжірибем бар" деу – жасөспірім үшін өте маңызды. Өйткені, ол өзін жалғыз емес екенін түсінеді. Осындай қиындықпен тек өзі ғана бетпе-бет келіп тұрған жоқ екенін сезіну оған үлкен қолдау береді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі 0328-06-2026
2Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды0527-06-2026
3Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды0527-06-2026
4Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры5716-06-2026
5Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды 0526-06-2026
6Туризмді дамыту тек жаңа қонақүйлер салумен немесе жол жөндеумен шектелмеуі керек0509-04-2026
7Ер адам батыс өңірлерге есірткі тасу үшін жүк жеткізу қызметін пайдаланған0527-06-2026
8Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады6725-06-2026
9Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты0527-06-2026

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.