Елде су қоймаларын салу және жаңғырту жобалары жүзеге асырылады.
Елде су қоймаларын салу және жаңғырту жобалары жүзеге асырылады.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Азия даму банкінің вице-президенті Фатима Ясминмен кездесті. Тараптар бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесуде Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды. Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыруға дайындау және мемлекеттік кепілдік алу рәсімдері жүргізіліп жатыр.
Контрреттегіштің жобалық сыйымдылығы 873 млн текше метр. Нысан тасқын суын жинақтап, оның ағысын тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Бұл Есіл өзенінің төменгі ағысына судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар өзен жағалауындағы елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
"2024-2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында Қазақстанның сегіз өңірінде су қоймаларын салу және реконструкциялау бойынша 42 жоба іріктелді. Біз осы бастамаларды іске асыру бағытында Азия даму банкімен ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты пысықтауға дайынбыз", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Алматыдағы индустриялық аймаққа 914 млрд теңге инвестиция салынды | 5 | 7 | 03-07-2026 |
| 2 | Қазақстан Иранмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 3 | Қазақстан пластикпен ластануға қарсы халықаралық келісім бойынша ұстанымын таныстырды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 4 | Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасы Грекияда қолдау табуда | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 5 | Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 6 | Елордада қала күні қарсаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Асыл мұра» концерті өтеді | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 7 | Қазақстан мен Әзербайжан халықаралық серіктестікті кеңейтпек | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 8 | Баянауыл ауданында инвесторларға туризм саласындағы жобалар таныстырылды | 0 | 5 | 04-07-2026 |
| 9 | Бельгия мен Нидерландтың танымал басылымдары Қазақстан туризміне назар аударды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 10 | МСП Банк и фонд "Даму" из Казахстана договорились о поддержке малого бизнеса двух стран | 0 | 0 | 07-11-2019 |