Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстан мен Әзербайжан халықаралық серіктестікті кеңейтпек

Дата публикации: 03-07-2026 13:00:00

Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру және бірлескен бағдарламаларды іске асыру мәселелерін қарастырды.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру және бірлескен бағдарламаларды іске асыру мәселелерін қарастырды.  

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Рагти оғлы Атамоглановпен және "EasyDanismanlik" компаниясының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында жоғары білімді интернационалдандыру, ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ академиялық байланыстарды кеңейту мәселелері қаралды.

Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, халықаралық серіктестікті дамыту және шетелдік азаматтарды Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына тарту бағыттары бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ жоғары білім беру жүйесіне халықаралық озық тәжірибені енгізу, білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыру және халықаралық білім кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне басымдық берілді.

Кездесу қорытындысында тараптар жоғары білімді интернационалдандыруды ілгерілетуге және ғылым мен жоғары білім саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды0503-07-2026
2U20 Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі күміс, үш қола түсті0503-07-2026
3ҚазҰТБ-ның болашақ әскери мамандары алғашқы далалық тәжірибеден өтті0504-07-2026
4Қазақстан Иранмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті0503-07-2026
5Қазақстан пластикпен ластануға қарсы халықаралық келісім бойынша ұстанымын таныстырды0504-07-2026
6Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын0503-07-2026
7Таразда Ұлттық ұланның қазақ күресінен чемпионаты өтті0503-07-2026
8Казахстан и Узбекистан подтвердили готовность расширять сотрудничество в торговле, культуре и гуманитарной сфере5721-06-2026
9Ректор ДГУ: университет претендует на создание НОЦ по проблемам Кавказа и Каспия0025-11-2019
10Югра и Казахстан начнут обмен опытом в сфере образования0002-10-2019

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.