Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ұлттық домбыраны ұлықтаған полицейлер

Дата публикации: 02-07-2026 13:00:55

Ұлттық домбыра күніне орай Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған өнерпаздар қазақтың қасиетті қара домбырасын ұлықтап, ұлттық өнерге деген құрметтерін ерекше форматта паш етті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Биыл Ақжайық өңірінде күй анасы Дина Нұрпейісованың 165 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Осыған орай домбыраның күмбірлеген үнімен басталған мерекелік шара оның ізі қалған, күйдің қасиетті мекені […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Ұлттық домбыраны ұлықтаған полицейлер

Ұлттық домбыра күніне орай Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған өнерпаздар қазақтың қасиетті қара домбырасын ұлықтап, ұлттық өнерге деген құрметтерін ерекше форматта паш етті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Ақжайық өңірінде күй анасы Дина Нұрпейісованың 165 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Осыған орай домбыраның күмбірлеген үнімен басталған мерекелік шара оның ізі қалған, күйдің қасиетті мекені – Жаңақала ауданында жалғасын тапты.

Өнерлі полицейлер көпшілік алдында халыққа кеңінен танымал “Балбырауын” және “Адай” күйлерін орындап, ұлттық мұрамыздың өміршеңдігін дәріптеді.

Күй – халқымыздың жаны, ал домбыра – ұлтымыздың үні. Сан ғасырлық тарихымыз бен рухани болмысымызды бойына сіңірген қасиетті аспапты ұлықтау – ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісі.

Ұлттық домбыра күнімен үндескен бұл тағылымды шара полиция қызметкерлерінің тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші ғана емес, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды насихаттауға да өзіндік үлес қосып жүргенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды0502-07-2026
2Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады0502-07-2026
3Рудныйда киберполицейлер алаяқтардың жоспарын бұзып, тұрғынның баспанасын сақтап қалды5702-07-2026
4Қызылордада жазасын өтеушілермен "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында кездесу өтті0502-07-2026
5Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды0502-07-2026
6Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді0702-07-2026
7Абай облысында интернет-алаяқтық құрбаны болған тұрғынның ақшасы толық қайтарылды2602-07-2026
8Елордада қала күні қарсаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Асыл мұра» концерті өтеді0504-07-2026
9Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық рейд өтті0502-07-2026
10В Киргизии задержали находившегося в розыске по линии Интерпола казахстанца0026-02-2025

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 7. Информативность: 6. Источник: polisia.kz.